Шу ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 352 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 қазанда № 3547 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Шу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шу ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ботабеков Төленді Санақұлына жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Досаев

  Шу ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 9 қазандағы
№ 352 қаулысына қосымша

Шу ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізімі

      1. "Жамбыл облысы Шу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Шу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №12 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2015 жылы 05 ақпанда №2496 болып тіркелген).

      2. "Жамбыл облысы Шу ауданының Шу қаласы, ауылдық округтер және ауылдар әкімі аппараттарының Ережелерін бекіту туралы" Шу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 ақпандағы №86 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2015 жылы 11 наурызда №2562 болып тіркелген, 2015 жылдың 18 наурызда "Шу өңірі" газетінде жарияланған).

      3. "Жамбыл облысы Шу ауданының Шу қаласы, ауылдық округтер және ауылдар әкімі аппараттарының Ережелерін бекіту туралы" Шу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 86 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Шу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №242 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2015 жылы 04 тамызда №2715 болып тіркелген, 2015 жылдың 12 тамызында "Шу өңірі" газетінде жарияланған).

      4. "Жамбыл облысы Шу ауданының Шу қаласы, ауылдық округтер және ауылдар әкімі аппараттарының Ережелерін бекіту туралы" Шу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 86 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Шу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 01 қазандағы №364 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2015 жылы 14 қазанда №2803 болып тіркелген, 2015 жылдың 21 қазанында "Шу өңірі" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады