Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 14 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 ақпанда № 10285 тіркелді.

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 133-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Патронаттық тәрбие туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З. Оразалиева):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Сәрінжіпов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 14 бұйрығына

Патронаттық тәрбие туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Патронаттық тәрбие туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген.

      2. Патронат нысанындағы қорғаншылық немесе қамқоршылық кәмелетке толмаған жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы, медициналық немесе басқа да ұйымдардағы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп күдік келтірілген кәмелетке толмаған балаларға (бұдан әрі – бала (балалар)) белгіленеді.

      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;

      2) патронат тәрбиеші – қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган (бұдан әрі – орган) баланы (балаларды) оның ішінде білім беру ұйымдарындағы, медициналық немесе басқа да ұйымдағы баланы (балаларды), қылмыс жасады деп күдіктенген баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы шарттың негізінде баланы (балаларды) (бұдан әрі – шарт) тәрбиелеуге берген адам;

      3) туыстар – үлкен атасы мен үлкен әжесіне дейін ортақ ата-бабалары бар туыстық байланыстағы адамдар.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.08.2022 № 373 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп күдік келтірілген баланы қоспағандар қорғаншылықта (қамқоршылықта) болмаған бала (балалар) патронаттық тәрбиеге беріледі.

      5. Патронат тәрбиешіге тәрбиелеуге берілетін балалардың жалпы саны бір отбасының балаларына байланысты жағдайларды қоспағанда, үш баладан аспайды.

      6. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру отбасылық тәрбиелеуді қамтамасыз ету үшін баланың (балалардың) мүдделеріне сүйене отырып жүзеге асырылады.

      7. Орган баланы (балаларды) күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту жағдайларына бақылауды жүзеге асырады, патронат тәрбиешілердің қызметін талдайды.

2. Балаларды патронаттық тәрбиеге беруді ұйымдастыру

      8. Патронат тәрбиешілерді іріктеуді орган жүзеге асырады.

      9. Мына адамдарды:

      1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеті шектеулi деп таныған адамдарды;

      2) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;

      3) өзіне Қазақстан Республикасының заңында жүктелген мiндеттердi тиісінше орындамағаны үшiн қорғаншы (қамқоршы) мiндеттерін орындаудан шеттетiлгендердi;

      4) егер бала асырап алуды сот олардың кiнәсi бойынша жойса, бұрынғы асырап алушыларды;

      5) денсаулық жағдайы бойынша баланы қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерін орындай алмайтын адамдарды;

      6) тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды;

      7) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар адамдарды;

      8) азаматтығы жоқ адамдарды;

      9) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдарды;

      10) қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде қамқорлыққа алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;

      11) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды;

      12) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және адамгершілікке, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы қылмыстық құқық бұзушылығы үшін соттылығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда);

      13) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген азаматтарды (баланың жақын туыстарын қоспағанда) қоспағанда, тек кәмелетке толған тұлғалар патронат тәрбиешілер болып табылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.08.2022 № 373 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген адам органға мынадай құжаттарды:

      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша патронаттық тәрбиеші болу туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш);

      2) тұлғаны куәландыру құжатын (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      3) егер патронат тәрбиеші болуға тілек білдірген адам некеде тұрса, зайыбының (жұбайының) келісімін;

      4) егер некеде тұрса, некеге тұру туралы куәліктің көшірмесін;

      5) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың көшірмесін;

      6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) бекітілген Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуына мүмкін болмайтын аурулардың тізбесіне сәйкес ауруының жоқ екендігін растайтын патронат тәрбиеші болуға тілек білдірген адамның және егер некеде тұрса зайыбының (жұбайының) денсаулық жағдайы туралы анықтаманың, сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысандарына сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтаманы;

      7) білімі туралы дипломның көшірмесін;

      8) баланың (балалардың) білім беру ұйымында оқуы туралы анықтаманы (мектеп жасындағы балалар үшін);

      9) "Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлау бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды, оларды психологиялық даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастыру тәртібін және осындай даярлықтан өткені туралы сертификаттың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 165 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20507 тіркелді) бекітілген нысанына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының психологиялық даярлықтан өткені туралы сертификат (баланың жақын туыстарын қоспағанда);

      10) екінші деңгейдегі банкте дербес шоттың ашылуы туралы шарт;

      11) баламен (балалармен) туыстық фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері (туыстары, баланың (балалардың) өгей әкесі (өгей шешесі) үшін) ұсынады.

      Бала (балалар) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тұрған жағдайда баланың (балалардың) туу туралы куәлігін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырылатын тізбенің 8) тармақшасындағы көрсетілген құжаттардың электронды көшірмелерін тіркеу талап етілмейді.

      Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алғысы келетін адам, егер некеде болса, оның жұбайына (зайыбына) қатысты соттылықтың болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді орган Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық жүйесінен алады.

      Кодекстің 122-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес орган жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды туыстарына, өгей әкелеріне (өгей шешелеріне) патронаттық тәрбиелеуге береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 26.05.2023 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.06.2023 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      11. Құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша орган өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдерген адамдардың тұрғын үйін тексереді, нәтижелері бойынша осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау актісін жасайды және осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шартты жасау мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) шығарады.

      Қорытындыға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде орган оның түпнұсқасын баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адамдарға береді және оң қорытынды алған тұлғалар туралы мәліметтерді Кодекстің 118-3-бабына сәйкес Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне (бұдан әрі – Республикалық деректер банкі) енгізеді.

      Баланы патронаттық тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген, оң қорытынды алған адамдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 661 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14666 болып тіркелген) бекітілген Республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес балаларды Республикалық деректер банкінде іріктеуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.08.2022 № 373 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге анықтау кезiнде орган оның этникалық шығу тегін, белгілі бір дінге және мәдениетке қатыстылығын, ана тілін, тәрбиелеу мен оқытудағы сабақтастықты қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып, баланың мүддесiн басшылыққа алады.

      13. Баланы (балаларды) шарт бойынша беру үшін оны алдын ала таңдауды органмен және баланы күтіп-бағатын ұйым әкімшілігінің келісімі бойынша баланы отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдар жүзеге асырады.

      Ағалы-інілерді, апалы-сіңлілерді-қарындастарды ажыратуға, бұл балалардың мүдделеріне сай келетін және балалар өздерінің туыстығы туралы білмеген, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді.

      14. Қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп күдік келтірілген баланы қоспағанда, он жасқа толған баланы (балаларды) патронат тәрбиешілерге беру оның келісімімен ғана жүзеге асырылады.

      15. Балаға (балаларға) патронат тәрбиешіні тағайындау кезінде патронат тәрбиешінің адамгершілік және жеке басының өзге де қасиеттері, оның патронат тәрбиеші міндеттерін орындауға қабілеті, патронат тәрбиеші мен бала (балалар) арасындағы қарым-қатынас, патронат тәрбиешінің отбасы мүшелерінің балаға (балаларға) қарым-қатынасы, сондай-ақ мүмкін болса, баланың (балалардың) өз тілегі ескеріледі.

      16. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға тiлек бiлдiрген адам (патронат тәрбиешi) мен орган арасында баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға тiлек бiлдiрген адамдардың тұрғылықты жері бойынша жасалатын шарт:

      1) баланы (балаларды) күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту жағдайларын;

      2) патронат тәрбиешiлердiң құқықтары мен мiндеттерiн;

      3) органның патронат тәрбиешiлерге қатысты мiндеттерiн;

      4) шартты тоқтатудың негiздерiн көздейді.

      Патронаттық тәрбиеге берілген әрбір балаға (балаларға) жеке (дербес) шарт жасалады.

      Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда оны ұзартуға болады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 23.11.2017 № 590 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Бала (балалар) патронаттық тәрбиеге берілетін ұйым:

      1) осы ұйымның тәрбиеленушісі болып табылатын баламен (балалармен) патронаттық тәрбиеге беру жөніндегі дайындық жұмысын жүргізеді;

      2) оның сәтті әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді;

      3) баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру үшін құжаттар дайындауды жүзеге асырады;

      4) патронат тәрбиешілер болуға тілек білдірген адамдарды дайындауды жүзеге асырады;

      5) осы ұйымның тәрбиеленушісі болып табылатын баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беруді жүзеге асырады;

      6) патронат тәрбиешіге ұйымдық-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді;

      7) патронаттық тәрбиеге берілген балаларды есепке алуды жүргізеді.

      18. Патронат тәрбиешілерге берілген әрбір балаға (балаларға) баланы күтіп бағатын ұйым:

      1) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігін;

      2) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік реестрінде № 6697 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген № 026/е нысанды медициналық құжаттаманы, егу паспортын және № 063/е нысанды медициналық құжаттаманы;

      3) білімі туралы құжатты;

      4) баланың (балалардың) ата-ана қамқорлығынан айырылғанын растайтын қайтыс болуы туралы куәліктің, сот үкімінің немесе шешімінің, ата-анасының сырқаттануы немесе іздестірілуі туралы анықтаманың және басқа да құжаттардың көшірмелерін;

      5) аға-інілерінің және апа-сіңлілерінің-қарындастарының болуы және тұратын жерлері туралы ақпаратты;

      6) балаға (балаларға) тиесілі мүліктің тізімдемесін және оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәліметтерді (бар болған жағдайда);

      7) балада (балаларда) тұрғын үй-жайдың болуын растайтын құжатты;

      8) баланы қылмыс жасаған күдікті патронатқа берген жағдайда қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысын;

      9) баланың (балалардың) жеке ісінде бар өзге де құжаттарды береді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 05.06.2019 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Осы Ереженің 18-тармағында көрсетілген құжаттар шарт жасасқаннан кейін патронат тәрбиешілерге тікелей беріледі.

      20. Баланы (балаларды) патронат тәрбиешіге беру органның шешімі немесе қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысы негізінде шартты жасасқаннан кейін жүзеге асырылады.

      21. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру патронат тәрбиеші мен бала (балалар) арасында алименттік және мұрагерлік құқықтық қарым-қатынастардың туындауына әкеп соқпайды.

      22. Патронат тәрбиешілерге берілген бала (балалар) өзіне мұрагерлік тәртібінде өтетін алименттерге, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарына, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды. Баланың (балалардың) тұрғын үй-жайы болмаған кезде Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес өзіне тұрғын үй-жай беру құқығына ие.

      23. Егер баланың (балалардың) жәрдемақыға немесе өзге де әлеуметтiк төлемдерге құқығы болған жағдайда патронат тәрбиешіге аталған ақша қаражатын немесе әлеуметтік төлемдерді төлеуді жүзеге асыратын тиісті органдарға жүгіну тәртібі түсіндіріледі.

      24. Патронат тәрбиешінің негізгі функциялары:

      1) шартты орындау;

      2) өз баласымен (балаларымен) бірге тұруды қамтамасыз ету;

      3) баланы (балаларды) тәрбиелеу мен күтіп-бағу үшін оңтайлы жағдай жасау және ұйымдастыру;

      4) баланың (балалардың) денсаулығы, дене, психикалық, адамгершілік және рухани дамуы туралы қамқорлық жасау;

      5) баланың (балалардың) пікірін ескере отырып, білім беру мекемесін және оқыту нысанын таңдау;

      6) баланың (балалардың) патронат тәрбиешiге берiлген құжаттарының, балаға (балаларға) тиесілі ақшалай қаражаттың және өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;

      7) өзінің қамқорлыққа алынушыларының басқа адамдармен қатынасындағы, оның ішінде соттарда арнайы өкiлеттiктерсiз қатынасындағы құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету;

      8) баланың (балалардың) демалысын ұйымдастыру;

      9) баланы (балаларды) күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту үшін қолайсыз жағдайлар туындағаны туралы органды хабардар ету;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.

      25. Патронат тәрбиешіге берілген әрбір баланы (балаларды) күтіп-бағуға Қазақстан Республикасы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің 137-бабының 1-тармағына сәйкес тәртіппен және мөлшерде ай сайын ақшалай қаражат төленеді.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.06.2023 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Патронат тәрбиешілердің қызметтеріне ақы төлеу мөлшері айына отыз бес айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.02.2024 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Облыстық маңызы бар аудандардың, қалалардың білім беру бөлім органдары, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органдары патронат тәрбиешінің қызметіне ақы төлеуді шарттың негізінде ақшалай қаражатты оның ағымдағы шотына ағымдағы айдың 25-күнінен кешіктірмей ай сайын аудару арқылы жүргізеді.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.02.2024 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Патронат тәрбиешіге қызметтерге ақы төлеудің тоқтатылуына әкеп соғатын мән-жайлар туындаған жағдайда (шарттың бұзылуы) орган бұл туралы патронат тәрбиешiге бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарлайды.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.02.2024 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Патронат тәрбиешілер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың шегінде тұрғылықты жерінің өзгергені туралы көшкен сәтінен бастап күнтізбелік он күн ішінде органды жазбаша түрде хабардар етеді.

      30. Патронат тәрбиеші облыстан, республикалық маңызы бар қаладан, астанадан тыс жерлерге тұрақты тұруға көшкен жағдайда шарт бұзылады.

      31. Патронат тәрбиешiлер ауруханаға түскен не өзге де дәлелді себептер бойынша отбасында ұзақ уақыт болмаған жағдайда органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баланы (балаларды) қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа уақытша орналастыруды қамтамасыз етеді не негізгі патронат тәрбиешінің болмау уақытына басқа патронат тәрбиешімен шарт жасасады.

      32. Патронат тәрбиешінің баланы (балаларды) денсаулық сақтау ұйымына уақытша орналастыруы патронат тәрбиешінің осы балаға (балаларға) қатысты құқықтары мен міндеттерін тоқтатпайды.

      33. Отбасында патронаттық тәрбиедегі баланы (балаларды) асырап алуға беру кезінде осы баланы (балаларды) асырап алуға басым құқық оның қалауы ескеріле отырып, өз отбасында бала (балалар) тәрбиеленіп жатқан патронат тәрбиешіге беріледі.

      34. Баланы (балаларды) 16 жасқа толғанда жұмысқа орналастырған жағдайда ол кәмелетке толғанша шарттың қолданылуы жалғасады.

      35. Шарт:

      1) дәлелді себептері (сырқаттануы, отбасылық немесе материалдық жағдайының өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы жанжалдар және басқалар) болған кезде патронат тәрбиешілердің бастамасы бойынша;

      2) баланы (балаларды) күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім беру үшін қолайсыз жағдайлар туындаған кезде органның бастамасы бойынша;

      3) бала (балалар) ата-анасына қайтарылған, туыстарына берілген немесе бала (балалар) асырап алынған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.

      Ескерту. 35-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.08.2022 № 373 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Органдар патронат тәрбиешілерге жүктелген баланы (балаларды) күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту бойынша міндеттеріне бақылауды Кодексте және осы Ережеде белгіленген тәртіппен патронат тәрбиешінің тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырады.

      37. Патронаттық тәрбиеге берілген баланы (балаларды) тәрбиелеуге және күтіп-бағуға бақылауды органдар 6 айда кемінде 1 рет:

      1) патронаттық тәрбиеге берілген балаға (балаларға) оның тәрбиелену және күтіп-бағылу жағдайларын тексеру мақсатында бару;

      2) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларының, оның ішінде оңалту құралдарының уақтылы ресімделуіне және алынуына, сондай-ақ мүгедектігі бар баланың оны мақсатты пайдалануына бақылау жасау;

      3) патронат тәрбиешілердің патронаттық тәрбиеге берілген баланы (балаларды) тәрбиелеу және күтіп-бағу үшін материалдық құралдарды пайдалануын тексеру түрінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.08.2022 № 373 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. Патронат тәрбиеші қамқорлыққа алынушының денсаулық жағдайы және оны тәрбиелеу, сондай-ақ оның мүлкін басқару бойынша жұмыс туралы есептерді органға алты айда кемінде бір рет ұсынады.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 23.11.2017 № 590 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Патронаттық тәрбие туралы
ережеге
1-қосымша
  _______________________
(органның атауы)

Патронаттық тәрбиеші болуға ниет білдіру туралы өтініш

      Ескерту. Ереже 1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 23.11.2017 № 590 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.06.2023 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Мені патронат тәрбиеші ретінде тануыңызды сұраймын _____________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғана) _________ және жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларға тексеру жүргізуге қарсы емеспін.

      Мекенжайым өзгерген жағдайда 10 жұмыс күні iшiнде ол туралы мәліметті міндетті түрде хабарлаймын.

      Дұрыс емес мәлiметтер мен жалған құжаттар ұсынғаны үшiн жауапкершiлiк туралы маған ескертiлдi.

      Ақпараттық жүйелерде сипатталған "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен құпия қорғалатын мәліметтерді қолдануға келісемін.

      20__жылғы "___"______________ _____ өтініш берушінің қолы


  Нысан
Бекітемін
Республикалық маңызы бар
қалалардың және астананың
білім басқарманың,
аудандардағы, облыстық
маңызы бар қалалардағы білім
бөлімінің басшысы
____________________________
(тегі, аты және әкесінің аты
(бар болғанда)
20 ___ жылғы "__"__________
____________________________
күні, қолы, мөрдің орны

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.08.2022 № 373 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге қабылдауға ниет білдірген тұлғалардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау актісі

      Ескерту. Ереже 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 23.11.2017 № 590 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Тексеріп-қарау жүргізілген күн _____________________________________________

      Тексеріп-қарауды жүргізген ________________________________________________

                        (тексеріп-қарауды жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты

                                    (бар болған жағдайда), лауазымы, жұмыс орны) ______________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын

      органның мекенжайы және телефоны: ___________________________________________

      1. ____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған жылы) тұрғын үй-тұрмыстық

      жағдайлары тексерілді.

      Жеке басын куәландыратын құжат ________________________________________

      Тұрғылықты жері (тіркеу орны бойынша) __________________________________

      Нақты тұрғылықты жері _________________________________________________

      Білімі _________________________________________________________________

      Жұмыс орны ___________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат ________________________________________

      Тұрғылықты жері (тіркеу орны бойынша) __________________________________

      Нақты тұрғылықты жері _________________________________________________

      Білімі _________________________________________________________________

      Жұмыс орны _____________________________________________________________

      2. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларының жалпы сипаттамасы

      Тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжат

      ____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      Тұрғын үйдің меншік иесінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда),

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      Жалпы көлемі __________ (ш.м.) тұрғын көлемі __________________________ (ш.м.)

      Тұрғын бөлмелердің саны ______, тіркеуде тұрғандар __________________________

      (тұрақты, уақытша)

      Тұрғын үйдің жайлылығы ___________________________________________________

      (абаттандырылған, абаттандырылмаған, ішінара жайлы)

      Санитариялық-гигиеналық жай-күйі

      __________________________________________________________________________

      (жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)

      Тұрғын үй туралы қосымша мәліметтер (балаға арналған жеке жатын орны,сабақ

      дайындауға, демалуға арналған орынның, жиһаздардың және т.б.бар болуы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      3. Отбасының бірге тұратын басқа мүшелері:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған күні

Жұмыс орны, қызметі немесе оқу орны

Туыстық қатынастары

Ескерту

      4. Отбасының табысы туралы мәлімет: жалпы сома __________, оның ішінде жалақы,

      басқа да табыстар _________________________________________________________ (жазу).

      5. Отбасының сипаттамасы (отбасындағы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас,

      олардың жеке қасиеттері, қызығушылығы, балалармен қарым-қатынас тәжірибесі, барлық

      отбасы мүшелерінің балаларды қабылдауға дайындығы) ______________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      6. Баланы отбасына тәрбиелеуге қабылдау себептері:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      7. Қорытынды (балаларды отбасына патронатқа беру үшін жағдайдың бар болуы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (қолы) (тегі,аты-жөні) (күні)

      Таныстық: ________________________________________________________________________________

      (баланы (балаларды) отбасына патронатқа қабылдауға тілек білдірген тұлғалардың

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), күні, қолы)

  Нысан
Бекітемін
Республикалық маңызы бар
қалалардың және астананың
білім басқарманың,
аудандардағы, облыстық
маңызы бар қалалардағы білім
бөлімінің басшысы
____________________________
(тегі, аты және әкесінің аты
(бар болғанда)
20___ жылғы "__" ___________
____________________________
күні, қолы, мөрдің орны

      Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.08.2022 № 373 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шартты жасау мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы

      Ескерту. Ереже 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 23.11.2017 № 590 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      " " _______ №___

      қорытынды

      Т.А.Ә. (бар болғанда), туған жылы,

      ____________________________________________________________________

      Тұрғылықты жері:

      ____________________________________________________________________

      Отбасының сипаттамасы:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Білімі және кәсіби қызметі:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Денсаулық жағдайының сипаттамасы:

      ____________________________________________________________________

      Баланы отбасына тәрбиелеуге қабылдау себептері:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Баланың кандидатурасы бойынша тілектері ______________________________

      ____________________________________________________________________

      Қорытынды:

      ____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады