Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 30/07 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 шілдеде № 3337 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 18/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 26.03.2020 № 18/01 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 170 "Балаларға қосымша білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10980 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 05.11.2019 № 62/03 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса берілген:

      1) "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      2) алынып тасталды - Қарағанды облысының әкімдігінің 05.11.2019 № 62/03 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысының әкімдігінің 05.11.2019 № 62/03 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының қосымша сәйкес Қарағанды облысы әкімдігінің қаулылары күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

Н. Әбдібеков



Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 05 маусымдағы
№ 30/07 қаулысына қосымша

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 43/05 "Мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2743 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 қыркүйекте "Индустриальная Караганда" № 171-172 (21692-21693), 2014 жылғы 27 қыркүйекте "Орталық Қазақстан" № 185-186 (21820) газеттерінде, 2014 жылғы 30 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 48/06 "Мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2769 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 қыркүйекте "Индустриальная Караганда" № 173-174 (21694-21695), 2014 жылғы 30 қыркүйекте "Орталық Қазақстан" № 187-188 (21822) газеттерінде, 2014 жылғы 7 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау" Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 43/04 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2744 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 қыркүйекте "Индустриальная Караганда" № 171-172 (21692-21693); 2014 жылғы 27 қыркүйекте "Орталық Қазақстан" № 185-186 (21820) газеттерінде; 2014 жылғы 29 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 28/01 "Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2688 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 шілдеде "Индустриальная Караганда" № 128-129 (21649-21650), 2014 жылғы 24 шілдеде "Орталық Қазақстан" № 137-138 (21772) газеттерінде, 2014 жылғы 29 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 17/01 "Мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2638 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 мамырда "Индустриальная Караганда" № 87-88 (21608-21609), 2014 жылғы 27 мамырда "Орталық Қазақстан" № 95-96 (21730) редакцияларында; 2014 жылғы 03 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).


Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 5 маусымдағы
№ 30/07 қаулысымен
бекітілді

"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметі (әрі қарай – мемлекеттік қызмет) балаларға қосымша білім беру, жалпы орта білім беру ұйымдарымен көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау мен ұсыну қызмет берушінің кеңсесімен жүзеге асады.

      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: білім алушыны ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымына қабылдау.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. "Балаларға қосымша білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 170 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10980 болып тіркелген) бекітілген "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында (бұдан әрі – Стандарт) көрсетілген қажетті құжаттарды қоса тапсырумен бірге ата-аналардың (заңды өкілдердің) ерікті жазған өтініші мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің басталуы үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 05.11.2019 № 62/03 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) қызмет беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдау мен тіркеуді жүзеге асырады, өтініш көшірмесіне уақыт пен күнін көрсетумен бірге тіркеу туралы белгі қойып, оларды басшыға жібереді, 10 (он) минуттан артық емес;

      2) қызмет берушінің басшысы құжаттармен танысып, оларды жауапты атқарушыға жолдайды, 5 (бес) минуттан артық емес;

      3) қызмет берушінің жауапты атқарушысы қосымша білім беру ұйымына қабылданғаны туралы бұйрық дайындайды, қызмет берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды, 10 (он) минуттан артық емес;

      4) қызмет берушінің басшысы қосымша білім беру ұйымына қабылданғаны туралы бұйрыққа қол қойып, қызмет берушінің кеңсесіне тапсырады, 3 (үш) минуттан артық емес;

      5) қызмет беруші кеңсесінің қызметкері мемлекет қызмет көрсету нәтижесін қызмет алушыға ұсынады, 2 (екі) минуттан артық емес.

      6. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі туралы ақпаратты алу үшін мемлекеттік қызметті алушы бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес қызмет беруші кеңсесіне жеке өзі баруы тиіс.

      7. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (әрекет) нәтижесі – бөлім басшысына құжаттарды жолдау. Бөлім басшысына жолданған құжаттар топтамасы осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-әрекет орындалуының басталуына негіз болып табылады. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-іс-қимылдың нәтижесі – құжаттарды бөлім басшысының қарастыруы және осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-іс-қимыл орындалуының басталуына негіз болып табылатын қарастырылған құжаттардың маманға жолдануы. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-іс-қимылдың нәтижесі қосымша білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық болып табылады, бұл өз кезегінде осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-іс-қимылдың басталуына негіз болады. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-іс-қимылдың нәтижесі қосымша білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрыққа басшысының қол қоюы болып табылады, бұл 5-іс-қимылдың орындалуына негіз болады. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-іс-қимылдың нәтижесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет алушыға кеңсе қызметкерінің беруі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) қызмет беруші кеңсесінің қызметкері;

      2) қызмет берушінің басшысы;

      3) қызмет берушінің жауапты атқарушысы.

      9. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы:

      1) қызмет беруші кеңсесінің қызметкері өтініш түскен сәттен бастап 10 (он) минут аралығында құжаттарды тіркеп, оларды басшыға жібереді;

      2) қызмет берушінің басшысы 5 (бес) минут аралығында құжаттармен танысып, оларды жауапты атқарушыға жолдайды;

      3) қызмет берушінің жауапты атқарушысы 10 (он) минут аралығында қосымша білім беру ұйымына қабылданғаны туралы бұйрық дайындайды, қызмет берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;

      4) қызмет берушінің басшысы 3 (үш) минут аралығында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойып, қызмет берушінің кеңсесіне тапсырады;

      5) қызмет беруші кеңсесінің қызметкері 2 (екі) минут аралығында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет алушыға ұсынады.

      Құрылымдық бөлімшелер (жұмыскерлер) арасындағы рәсім (іс-қимыл) бірізділігінің сипатталуы әр рәсім (іс-қимыл) ұзақтығының көрсетілуімен бірге осы Регламенттің қосымшадағы бизнес-процестерінің анықтамалығымен айқындалған.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. Тарауының тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 20.06.2016 № 43/06 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      10. Стандартқа сәйкес мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілмейді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 20.06.2016 № 43/06 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.


"Балаларға қосымша білім беру
бойынша қосымша білім беру
ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға қабылдау"
мемлекеттік қызмет регламентіне
қосымша

"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы.


Шартты белгілер



Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 5 маусымдағы
№ 30/07 қаулысымен бекітілген

"Орта білім беретін үздік ұйым" грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Алынып тасталды - Қарағанды облысының әкімдігінің 05.11.2019 № 62/03 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады