Дәрілік затты, мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облыстық мәслихатының 2015 жылғы 29 шілдедегі XХXVI сессиясының № 419 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 тамызда № 3360 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 34 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 25.02.2021 № 34 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты, ШЕШТІ:
      Амбулаториялық емдеу кезінде азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша мамандандырылған емдік өнімдер тегін босатылатын: "Блекфан-Даймонд қан аздығы", "Өкпе артериалдық гипертензия", "Эпилепсия", "Құрамдастырылған гуморалдық-тіндік иммунотапшылық", "Созылмалы себебі белгісіз тромбоцитопиялық қанталау бөртпесі" диагноздары бар азаматтарға дәрілік заттар берілсін (рецепт бойынша).
      Амбулаториялық емдеу кезінде азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша мамандандырылған емдік өнімдер тегін босатылатын: "Муковисцидоз" диагнозымен ауыратын азаматтарға мамандандырылған емдік өнімдер берілсін (рецепт бойынша).
      Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (Әдекенов С.М.) жүктелсін.
      Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Абайділдинов
      Облыстық
мәслихаттың хатшысы
Н. Дулатбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады