Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11 223 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған:
1) субсидияланатын тыңайтқыштар түрлері осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес;
2) тыңайтқыштар берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормалары осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
"Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерін және субсидиялау нормаларын белгілеу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 мамырда № 23/02 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3217 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 маусымдағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 30 мамырдағы № 77 (21 828) "Индустриальная Караганда" және 2015 жылғы 30 мамырдағы № 90-91 (21 976) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
Қарағанды облысы әкімдігінің "Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерін және субсидиялау нормаларын белгілеу туралы" қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Н. ӘбдібековЛІ |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
_____________ А. Мамытбеков
"18" желтоқсан 2015 жыл
Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 72/01 қаулысына 1-қосымша |
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері
р/н № | Тыңайтқыштардың аттары |
1. | Удобрение азотно-фосфорно-калийное (нитроаммофоска) марки 1:1:1 (15:15:15) |
2. | Азофоска (нитроаммофоска) марка NPK (МОР) 16:16:16 |
3. | VigilaX |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 72/01 қаулысына 2-қосымша |