"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10313 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарағанды қаласындағы есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бекітілсін.
"Қарағанды қаласындағы есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормаларын бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 62/02 қаулысы жойылсын.Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Әбдібеков |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 07 желтоқсандағы № 69/05 қаулысына қосымша |
Қарағанды қаласындағы есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну
нормалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 28.09.2017 № 60/01 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Тұтынушылар санаты | Қызмет көрсетушінің атауы | Өлшеу бірлігі | Мағынасы |
|
Қарағанды | "ҚарағандыЖылуСбыт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Гигакалория/ | 0,0340 |
| Қызмет көрсетушінің қазандығынан жылынатын Кемеровская көшесі №97,113,114 тұрғын үйлердің тұтынушылары | "Қарағанды қаласының қалалық коммуналдық шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Гигакалория/ | 0,0317 |