Жезқазған қалалық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 23/196 "Жезқазған қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 24 тамыздағы № 35/323 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 қыркүйекте № 3404 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 23/196 "Жезқазған қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2633 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 21 мамырдағы "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 30 мамырдағы № 21 (7876) "Сарыарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген мемлекеттік тілдегі Жезқазған қалалық мәслихатының Регламентінде:
      7 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "7. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы,
қалалық мәслихат хатшысы

С. Медебаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады