"Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 10/2 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 сәуірде № 3104 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 22/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 02.06.2016 № 22/2 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37–баптарын, Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 1/28 "Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта құру туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 1/29 "Теміртау қаласының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын және атқарушы органдарының штат санының лимитін бекіту туралы" қаулысы негізінде, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Шолпан Мұхитқызы Мырзақасымоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
Н. Сұлтанов

      

 
Теміртау қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 12 наурыздағы
№ 10/2 қаулысымен
бекітілген

"Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі Теміртау қаласы мен Ақтау кенті аумағында білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тараптары болуға құқығы бар.
      6. "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзырының мәселелері бойынша заңнамада бекітілген тәртіппен "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 101401, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Димитров көшесі, 11/1 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы:
      қазақ тілінде: "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел образования города Темиртау".
      10. Осы Ереже "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
      12. "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен түскен кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы – Теміртау қаласы мен Ақтау кенті аумағында білім беру саласында басқару тиімділігін арттыру, мектепке дейінгі, қосымша, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруге жағдай жасау.
      14. Міндеттері:
      1) арнайы және мамандандырылған жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарынан басқа бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының, балалар үшін мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру және қосымша білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз ететін мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету;
      2) білім беру жағдайына мониторинг жүргізу, қала аумағында білім беру саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету жағдайы туралы әкімге уақытылы, толық және дәлелді ақпарат беру;
      3) білім беру мәселелері бойынша қала әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын әзірлеуге және орындауға қатысу, олардың орындалуына бақылауды ұйымдастыру.
      15. "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз өкілеттігі шегінде келесі функцияларды жүзеге асырады:
      1) меншік және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан қосымша, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының, білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының орындалуына ықпал етеді;
      2) кәмелетке толмағандарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асырады;
      3) білім беру, тәрбиелеу саласында балалар мүддесін қорғайтын мемлекеттік саясаттың орындалуына қатысу;
      4) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын мемлекеттік білім беретін ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге ықпал ету және қолдауды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
      5) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын мемлекеттік білім беретін ұйымдарының оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды сатып алуын және жеткізуін қамтамасыз етеді;
      6) балалардың қосымша білім алуын ұйымдастырады;
      7) жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепте ғылыми жобалар конкурстары мен олимпиадалар, қала ауқымында конкурстар ұйымдастырады және өткізеді;
      8) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды, жетім балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте мемлекеттік жалпы білім беретін және мектепке дейінгі ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетілуін ұйымдастырады;
      10) білім беруге мониторинг жүргізеді;
      11) мемлекеттік білім беру ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
      12) қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік және өзге де құқықтық актілерінің жобалары бойынша ұсыныстар енгізеді.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге, шартқа отыруға және қолданыстағы заңнамаларға қайшы келмейтін өзге де қызметтерді жүзеге асыруға;
      2) меншік түрі мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан білім беру ұйымдарынан қажетті ақпараттар мен материалдар, мекеме құзырына жататын мәселелер бойынша басшылардан ауызша және жазбаша түсініктемелер сұратуға;
      3) білім беру ұйымдары қарауындағы ақпараттық деректердің барлық түрлерін пайдалануға.
      4) мекеме қызметін жетілдіру, қалалық бюджет қаражатын білім беруді дамытуға бөлу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      5) заңнамада жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Теміртау қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      20. "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде белгіленген өзінің құзырлығына сәйкес өз бетінше шешеді;
      2) "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі мен құрылымын, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістерді әзірлейді және қала әкімдігіне бекітуге ұсынады;
      3) "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жалпы жедел басшылық жасайды, "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады, "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді және бақылайды, "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мамандары мен өзге де қызметкерлерінің жұмысына ұйымдастырады және бақылауды қамтамасыз етеді;
      4) "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
      5) "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мамандары мен өзге де қызметкерлерінің, құрылымдық бөлімшелері басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      6) әкім мен әкімдік құзыры шегіндегі нормативтік және өзге де құқықтық актілердің жобаларын, басқа да Мекеме қызметіне қатысты қызметтік құжаттарды дайындайдауды ұйымдастырады және қала әкімі мен әкімдігіне бекітуге ұсынады;
      7) "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      8) "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметі жөніндегі мәселелер бойынша қала әкімі аппаратымен, қалалық маслихатпен, Ақтау кенті әкімінің аппаратымен, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдармен, Қарағанды облысы әкімдігімен, оның құрылымдық бөлімшелерімен, қала және облыс аумағында қызметін ететін Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының аймақтық бөлімшелерімен тұрақты байланысты қамтамасыз етеді;
      9) "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді, қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды, түскен құжаттарға, құжат айналамына талдау жасауды ұйымдастырады;
      10) өз құзыреттілігі шегінде "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің және ведомстволық бағынышты ұйымдардың барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар мен өкімдер, тапсырмалар мен жарлықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      11) өзіне заңнамамен және осы Ережемен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Теміртау қаласының бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарының өкілеттігін анықтайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында, заңнамада қарастырылған жағдайларда оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      23. "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлігі оған меншік иесі берген мүліктен, сонымен қатар өз қызметі нәтижесінде (ақшалай кірістерді қоса есептегенде) алынған мүліктерден және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден қалыптасады.
      24. "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі оған бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен алынған мүлікті, егер де заңнамада басқа жағдай қарастырылмаса, өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған басқа тәсілдермен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады