Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 48/04 "Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын және сайлаушылармен кездесу өткізетін үй-жайлардың орнын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 08/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 наурызда № 3020 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 51/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 20.10.2023 № 51/01 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабы 4, 6 тармақтарына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 48/04 "Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын және сайлаушылармен кездесу өткізетін үй-жайлардың орнын белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі тіркеу нөмірі № 8-4-254, 2011 жылғы 15 желтоқсанда № 143-144 (11812) "Балқаш өңірі", № 140 (849) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 2 қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімі аппаратының басшысы Сандугаш Сабетовна Асылбековаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


Балқаш қаласының әкімі

А. Райымбеков



  Балқаш қаласы әкімдігінің
  2015 жылғы 26 ақпандағы
  № 08/02 қаулысына қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар


Елді мекеннің атауы


Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін


1


Балқаш қаласы


Ленин және Ағайынды Мусиндер көшелерінің қиылысындағы ақпараттық қалқан


2



З. Сабитова ықшам ауданындағы (№№ 34 және 35 үйлер арасында) ақпараттық қалқан


3



Бөкейханов және Ленин көшелерінің қиылысындағы (№№ 10 және18 үйлер арасында) ақпараттық қалқан


4



Русаков көшесі № 8 үй маңындағы ақпараттық қалқан


5


Саяқ кенті


Балхашская көшесі бойындағы "Горняк" клубы ғимаратының алдындағы ақпараттық қалқан


6


Гүлшат кенті


Клуб ғимаратының алдындағы ақпараттық қалқан


7



Шұбар-Түбек елді мекенінде Центральная көшесі № 37 үй маңындағы ақпараттық қалқан



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады