"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Балқаш қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Балқаш қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Балқаш қаласының әкімі | С. Сатаев |
"КЕЛІСІЛДІ":
Балқаш қалалық
сайлау комиссиясы
Балқаш қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 51/01 қаулысына 1-қосымша |
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 20.08.2024 № 40/01 қаулысымен (оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
1 | Балқаш қаласы | Абай және Ағайынды Мусиндер көшелерінің қиылысындағы ақпараттық тақта |
2 | Балқаш қаласы | З. Сабитова шағын ауданы № 34 үйдің оң жағындағы ақпараттық тақта |
3 | Балқаш қаласы | Бөкейханов және Абай көшелерінің қиылысындағы ақпараттық тақта |
4 | Балқаш қаласы | Русаков шағын ауданы № 9 үй маңындағы ақпараттық тақта |
5 | Балқаш қаласы | Қоңырат шағын ауданы, Русаков көшесі № 9 үйдің оң жағындағы ақпараттық тақта |
6 | Балқаш қаласы | Балқаш-1 станциясының теміржол вокзалдың әкімшілік ғимараттың алдындағы ақпараттық тақта |
7 | Балқаш қаласы | С. Мухамеджанов шағын ауданы № 5 үйдің артында ақпараттық тақта |
8 | Балқаш қаласы | Алимжанов көшесінің бойында ақпараттық тақта |
9 | Балқаш қаласы | Қараменде Би көшесінің бойында № 15 "А" ғимаратының алдындағы ақпараттық тақта |
10 | Балқаш қаласы | С.Сейфуллин көшесі № 67 ғимаратының алдындағы ақпараттық тақта |
11 | Балқаш қаласы | №10 шағын аудан № 19 үйдің артқы жағындағы ақпараттық тақта |
12 | Балқаш қаласы | Уалиханов көшесіндегі № 19 ғимарат алдындағы ақпараттық тақта |
13 | Саяқ кенті | "Горняк" клубы ғимаратының алдындағы ақпараттық тақта |
14 | Гүлшат кенті | Клуб ғимараты алдындағы ақпараттық тақта |
15 | Гүлшат кенті | Шұбар-Түбек елді мекенінің Центральная көшесіндегі №37 үйдің сол жағындағы ақпараттық тақта |
16 | таратылған Торанғалық ауылы | Абай көшесіндегі жалпы білім беретін орта мектептің жанындағы ақпараттық тақта |
Балқаш қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 51/01 қаулысына 2-қосымша |
Балқаш қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 01 желтоқсандағы №48/04 "Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын және сайлаушылармен кездесу өткізетін үй-жайлардың орнын белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі тіркеу нөмірі №8-4-254);
2. Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №08/02 "Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 01 желтоқсандағы №48/04 "Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын және сайлаушылармен кездесу өткізетін үй-жайлардың орнын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі тіркеу нөмірі №3020);
3. Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 16 ақпандағы №09/01 "Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 01 желтоқсандағы №48/04 "Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын және сайлаушылармен кездесу өткізетін үй-жайлардың орнын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі тіркеу нөмірі №6360-09).