Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 21.02.2018 № 17/155 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы № 26/207 "Балқаш қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2595 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 43-44 (12150) "Балқаш өңірі", 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 43-44 (1222) "Северное Прибалхашье" газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 30 сәуірде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
Мемлекеттік тілдегі Регламенттің 7 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"7. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Түсіпбеков |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | Қ. Рахимберлина |