Балқаш қалалық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 17/155 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 наурызда № 4640 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Балқаш қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Балқаш қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы № 26/207 "Балқаш қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2595 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 сәуірдегі "Балқаш өңірі" № 43-44 (12150) және "Северное Прибалхашье" № 43-44 (1222) газеттерінде, 2014 жылғы 30 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2) Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 24 маусымдағы № 39/313 "Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы № 26/207 "Балқаш қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3340 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдесінде "Балқаш өңірі" № 79-80 (12330) және "Северное Прибалхашье" № 79-80 (1401) газеттерінде, 2015 жылғы 30 шілдесінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Сокульский
      Қалалық мәслихаттың хатшысы К. Тейлянов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады