Ақтоғай аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 200 "Ақтоғай аудандық мәслихаттың Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы 33 сессиясының № 310 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 шілдеде № 3345 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай қалалық мәслихатының 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 157 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай қалалық мәслихатының 05.12.2017 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қоланысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:

      1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №200 "Ақтоғай аудандық мәслихаттың Регламентін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2648 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 29 мамырдағы № 22 (7442) "Тоқырауын тынысы" газетінде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтоғай аудандық мәслихатының Регламентінің мемлекеттік тілдегі 7-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "7. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.".

      2. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Сессия төрағасы

А. Күлмағанбетова

Аудандық

мәслихат хатшысы

М. Оңғарқұлов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады