Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Жаңаарқа ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңаарқа ауданының Мұқажан Жұмажанов атындағы ауылдық округінің Мұқажан Жұмажанов ауылының, Сейфуллин ауылдық округінің Ынтымақ ауылының шекаралары 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ғ. Омаров
Аудандық мәслихаттың кезекті
XXXIX сессиясының төрағасы Г. Жаркешова
Аудандық мәслихат хатшысы М. Абдишев
КЕЛІСІЛДІ:
"Жаңаарқа ауданының
жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы Ш. Хамзе
30 наурыз 2015 жыл
"Жаңаарқа ауданының сәулет және қала
құрылыс бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы Қ. Бакиев
30 наурыз 2015 жыл
1-қосымша
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Мұқажан Жұмажанов атындағы ауылдық округінің Мұқажан Жұмажанов ауылының жер учаскесінің
сызбасы
2-қосымша