Жаңаарқа ауданы әкімінің 2015 жылғы 27 наурыздағы "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 2 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 мамырда № 3179 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің 18.04.2016 № 1 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 5 хаттамасы негізінде, Жаңаарқа ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Жаңаарқа ауданы әкімінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің Тізілімінде № 3111 нөмерімен тіркелді, 2015 жылғы 11 сәуірдегі № 20 (9670) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "1. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Атасу, Қызылжар кенттерінде, Ақтүбек ауылдық округінің Ақтүбек, Өркендеу ауылдарында және Атасу стансасында, Ақтау ауылдық округінің Қылыш ауылында, Бидайық ауылдық округінің Ақтайлақ ауылында, 69 разъезінде, Целинный ауылдық округінің Орынбай, Ақшағат, Бидайық-2 ауылдарында, Байдалыби ауылдық округінің Атасу, Ескене ауылдарында, Түгіскен ауылдық округінің Түгіскен ауылында, 239 казармасында, Ералиев ауылдық округінің 189 разъезінде және Жұмажанов, Ақтасты, Сейфуллин ауылдық округтерінде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.".
      2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Ғ. Омаров

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады