2016 жылы Қарқаралы ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы XLIV сессиясының № 44/388 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 қаңтарда № 3623 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекiту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9946 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:

      1. Қарқаралы ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, өтiнiш берген сәтiне жетпiс еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын.

      2. Қарқаралы ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына өтiнiш берген сәтiне тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн, маманмен мәлiмделген сомада, бiрақ бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын, бюджеттiк кредит түрiнде әлеуметтiк қолдау ұсынылсын.

      3. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы XXXIV сессиясының № 34/290 "Қарқаралы ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2925 тіркелген, 2015 жылғы 31 қаңтардағы "Қарқаралы" № 9-10 (11340) газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. "Қарқаралы ауданының экономика және қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi осы шешiмдi iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.

      5. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      44 сессия төрағасы: Р. Смагулов
      Аудандық мәслихат хатшысы: С. Нуркенов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қарқаралы ауданының
экономика және қаржы бөлiмi"
мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы
Б. С. Берниязов

      24 желтоқсан 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады