Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 24.12.2015 № 44/388 (оның алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
1.
Қарқаралы ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, өтiнiш берген сәтiне жетпiс еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын.
2.
Қарқаралы ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына өтiнiш берген сәтiне тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн, маманмен мәлiмделген сомада, бiрақ бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын, бюджеттiк кредит түрiнде әлеуметтiк қолдау ұсынылсын.
3.
«Қарқаралы ауданының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi осы шешiмдi iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
4.
Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
С. Райымбеков |
КЕЛІСІЛДІ:
«Қарқаралы ауданының |
«24» желтоқсан 2014 жыл