Қарқаралы ауданында 2016 жылға арналған салық салу объектiсiнiң бiрлiгiне тiркелген салық ставкаларының мөлшерлерiн белгiлеу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы XLIV сессиясының № 44/391 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 қаңтарда № 3637 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" Кодексiне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:

      1. Қарқаралы ауданында 2016 жылға арналған салық салу объектiсiнiң бiрлiгiне тiркелген салық ставкаларының мөлшерлерi, осы шешiмге қосымшаға сәйкес белгiленсiн.

      2. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы: Р. Смагулов
      Аудандық мәслихат хатшысы: С. Нуркенов

      КЕЛIСIЛДI:

      "Қарқаралы ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
      ________________Г. Бейсенбаев

      24 желтоқсан 2015 жыл

  Қарқаралы аудандық мәслихатының
2015 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 44/391 шешіміне
қосымша

Қарқаралы ауданында 2016 жылға арналған салық салу объектiсiнiң бiрлiгiне тiркелген салық ставкаларының мөлшерлерi

Салық салу объектiсiнiң атауы

Айына тiркелген салық ставкаларының мөлшерлерi (айлық есептiк көрсеткiштер)

1.

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

5

2.

Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

7

3.

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

4

4.

Ойын жолы

7

5.

Карт

5

6.

Бильярд үстелi

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады