Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 09.11.2017 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
Нұра аудандық мәслихатының 28 сессиясының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 288 "Нұра аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2704 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 17 тамызда, 2014 жылғы 9 тамыздағы № 32 (5369) "Нұра" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Нұра аудандық мәслихатының Регламентінің мемлекеттік тілдегі 7-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"7. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.".
Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы | Қ. Отарбаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Б. Шайжанов |