Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
Нұра аудандық мәслихатының 28 сессиясының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 288 "Нұра аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2704 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 тамызда, 2014 жылғы 9 тамыздағы №32 (5369) "Нұра" газетінде жарияланған);
Нұра аудандық мәслихатының 36 сессиясының 2015 жылғы 2 шілдедегі №385 "Нұра аудандық мәслихатының 28 сессиясының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 288 "Нұра аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3334 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 шілдеде, 2015 жылғы 18 шілдеде №29 (5416) "Нұра" газетінде жарияланған).
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т. Шайхин |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Т. Оспанов |