"Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 175 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 ақпанда № 10241 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 14 ақпандағы № 20/қе бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 14.02.2024 № 20/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 175 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8456 тіркелген, 2013 жылғы 1 маусымдағы № 139 (28078) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидалары бекітілсін.";

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаменті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері таныстырылсын.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Комитет Төрағасы

Н. Әбіқаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2015 жылғы 12 қаңтардағы
№ 1 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының 2013 жылғы
11 сәуірдегі № 175 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу тәртібін айқындайды.

      2. Ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік іс-қимыл үдерісінде "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын ескере отырып, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайлар анықталған кезде, ұлттық қауіпсіздік органдары мемлекеттік органдарға, әскери құралымдарға, бөлімдер мен ұйымдарға орындалуы міндетті Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды осы Қағидалардың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша енгізеді.

      3. Ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік іс-қимыл үдерісінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының тексеруіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталғанда, ұлттық қауіпсіздік органдары мемлекеттік органдарға, әскери құралымдарға, бөлімдер мен ұйымдарға орындалуы міндетті Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының тексеруіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды осы Қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша енгізеді.

      4. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде қылмыстық құқық бұзушылықтарды және басқа да заң бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайлар анықталған кезде ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен ұсыныс енгізеді.

      5. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар анықталған кезде ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен ұсыныс енгізеді.

      6. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар екі данада жасалады. Ұсыныстың бір данасы ресми бланкте жолданатын жерге (мемлекеттік органға, әскери құралымға, бөлімге және ұйымға) қол қойылып беріледі немесе поштамен жіберіледі, ал екіншісі ұсынысты берген Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органында қалады.

      7. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының немесе оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомстволары директорларының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары бастықтарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау органдарының оқшауланған құрылымдық бөлімшелер бастықтарының қолымен жіберіледі.

      8. Ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстардың есебін жүргізеді.

      9. Ұсынысты алған мемлекеттік органдар, әскери құралымдар, бөлімдер мен ұйымдар оларды орындау бойынша қабылданған шаралар туралы ұсыныста нақты көрсетілген мерзімде ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар етеді.

  Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне
төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға
мүмкіндік туғызатын, тергелуі
Қазақстан Республикасының заңнамасымен
ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына
жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды
жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды
жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын
енгізу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      _____________________________________________________________________

      ұсынысты енгізетін ұлттық қауіпсіздік органының атауы мен мекенжайы

      ______________________________________________________________басшысы

      заңды тұлғаның атауы

      ____________________________________________________________________

      заңды тұлға басшысының тегі және аты-жөні заңды тұлғаның мекенжайы, байланыс телефоны

      Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс

      20__жылғы "__"________________№____ _______қала

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайлардың анықталғанына себеп болған іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы

      АНЫҚТАЛДЫ:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында қарастырылған Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын нақты себептер мен жағдайлардың толық баяндалуы

      Баяндалғанның негізінде, "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес ТАЛАП ЕТЕМІН:

      1. _______________________________________________________________;

      2. _____________________________________________________, тағы басқа

      себептер мен жағдайларды жою туралы нақты іс-шаралар, орындалу мерзімдері

      Осы ұсынысқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға болады.

      Осы ұсынысты орындау туралы жазбаша түрде және жоғарыда көрсетілген мерзімдерде хабарлауыңызды сұраймыз. Осы ұсынысты орындамау Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады.

      ____________________________ ___________ ___________________

      ұлттық қауіпсіздік органының қолы тегі және аты-жөні

      лауазымды тұлғасы,

      атағы

      Берді: Алды:

      20__жыл "__"________________/____________ ___________/_____________

      беру күні лауазымы, атағы қолы тегі, аты-жөні

      _______________________ _________________________

      тегі және қолы алу күні мен уақыты

      М. о.

  Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне
төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға
мүмкіндік туғызатын, тергелуі
Қазақстан Республикасының заңнамасымен
ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына
жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды
жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды
жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын
енгізу қағидаларына
2-қосымша

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      _____________________________________________________________________

      ұсынысты енгізетін ұлттық қауіпсіздік органының атауы мен мекенжайы

      ______________________________________________________________басшысы

      заңды тұлғаның атауы

      _____________________________________________________________________

      заңды тұлға басшысының тегі және аты-жөні

      _____________________________________________________________________

      заңды тұлғаның мекенжайы, байланыс телефоны

      Тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен

      ұлттық қауіпсіздік органдарының жүргізуіне жатқызылған

      қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер

      мен жағдайларды немесе басқа заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс

      20__жылғы "__"________________№____ _______қала

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың анықталғанына себеп болған іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы

      АНЫҚТАЛДЫ:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының жүргізуіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін мән-жайлардың толық сипаттамасы

      Баяндалғанның негізінде, "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес ТАЛАП ЕТЕМІН:

      1._________________________________________________________;

      2.________________________________________________, тағы басқа

      себептер мен жағдайларды жою туралы нақты іс-шаралар, орындалу мерзімдері

      Осы ұсынысқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға болады.

      Осы ұсынысты орындау туралы жазбаша түрде және жоғарыда көрсетілген мерзімдерде хабарлауыңызды сұраймыз. Осы ұсынысты орындамау Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады.

      ____________________________ ___________ ___________________

      ұлттық қауіпсіздік органының қолы тегі және аты-жөні

      лауазымды тұлғасы,

      атағы

      Берді: Алды:

      20__жыл "__"________________/____________ ___________/_____________

      беру күні лауазымы, атағы қолы тегі, аты-жөні

      _______________________ _________________________

      тегі және қолы алу күні мен уақыты

      М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады