Ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді іске асыруға, тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасында қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсынымдарын енгізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 14 ақпандағы № 20/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 15 ақпанда № 33999 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 15-тармағының 209) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді іске асыруға, тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасында қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсынымдарын енгізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2024 жылғы 14 ақпандағы
№ 20/қе бұйрығына
1-қосымша

Ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді іске асыруға, тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасында қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсынымдарын енгізу қағидалары

      1. Осы ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді іске асыруға, тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасында қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсынымдарын енгізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 15-тармағының 209) тармақшасына сәйкес әзірленген және ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді іске асыруға, тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасында қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсынымдарын енгізу тәртібін айқындайды.

      2. Ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік іс-қимылы процесінде "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын ескере отырып, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді іске асыруға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталған кезде ұлттық қауіпсіздік органдары мемлекеттік органдарға, әскери құралымдарға, бөлімдер мен ұйымдарға орындалуы міндетті Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді іске асыруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынымдарды осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізеді.

      3. Ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік іс-қимыл процесінде тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталған кезде ұлттық қауіпсіздік органдары мемлекеттік органдарға, әскери құралымдарға, бөлімдер мен ұйымдарға орындалуы міндетті қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынымдарды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізеді.

      4. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қылмыстық құқық бұзушылықтарды және басқа да заң бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайлар анықталған кезде ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабында көзделген тәртіппен ұсыныс енгізеді.

      5. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар анықталған кезде ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 826-бабында көзделген тәртіппен ұсыныс енгізеді.

      6. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді іске асыруға, тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыным екі данада жасалады. Ұсынымның бір данасы ресми бланкіде адресатқа (мемлекеттік органға, әскери құралымға, бөлімге және ұйымға) қол қойылып беріледі немесе поштамен жіберіледі, ал екіншісі ұсынымды шығарған Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органында қалады.

      7. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді іске асыруға, тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының немесе оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомстволары директорларының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары бастықтарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау органдары оқшауланған құрылымдық бөлімшелері бастықтарының қолымен жіберіледі.

      8. Ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді іске асыруға, тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынымдардың есебін жүргізеді.

      9. Ұсынымды алған мемлекеттік органдар, әскери құралымдар, бөлімдер мен ұйымдар оларды орындау бойынша қабылданған шаралар туралы ұсынымда көрсетілген нақты мерзімде ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар етеді.

  Ұлттық қауіпсіздік
органдарының
Қазақстан Республикасының
қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді
іске асыруға, тергеп-тексерілуі
Қазақстан Республикасының
заңнамасында қарауына
жатқызылған қылмыстық құқық
бұзушылықтар жасауға ықпал
ететін себептер мен
жағдайларды жою туралы
ұлттық қауіпсіздік
органдарының ұсынымдарын
енгізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      ____________________________________________________________________

      ұсынымды енгізетін ұлттық қауіпсіздік органының атауы мен мекенжайы

      ___________________________________________________________ басшысы

      заңды тұлғаның атауы

      ____________________________________________________________________

      заңды тұлға басшысының тегі және аты-жөні

      ____________________________________________________________________

      заңды тұлғаның мекенжайы, байланыс телефоны

      Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс

      20__жылғы "___" __________ №_____ ______________________ қала

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді іске асыруға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталған іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы)

      АНЫҚТАЛДЫ:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ("Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында қарастырылған Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді іске асыруға ықпал ететін нақты себептер мен жағдайлардың толық баяндалуы)

      Баяндалғанның негізінде, "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес ТАЛАП ЕТЕМІН:

      1. _____________________________________________________________;

      2. _____________________________________________________________,

      (себептер мен жағдайларды жою туралы нақты іс-шаралар, орындалу мерзімдері)

      Осы ұсынымға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға болады.

      Осы ұсынымды орындау туралы жазбаша түрде және жоғарыда көрсетілген мерзімдерде хабарлауыңызды сұраймыз. Осы ұсынымды орындамау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады.

      ___________________________            _______             _________________

      ұлттық қауіпсіздік органының             қолы                   тегі және аты-жөні

      лауазымды адамы,

      атағы

      Берді:                                           Алды:

      20__жыл "__"_________/_________             ___________/_____________

      беру күні       лауазымы, атағы                   қолы тегі, аты-жөні

      ___________________________                   ________________________

      тегі және қолы                               алу күні мен уақыты

      М. о.

  Ұлттық қауіпсіздік
органдарының
Қазақстан Республикасының
қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді
іске асыруға, тергеп-тексерілуі
Қазақстан Республикасының
заңнамасында қарауына
жатқызылған қылмыстық құқық
бұзушылықтар жасауға ықпал
ететін себептер мен
жағдайларды жою туралы
ұлттық қауіпсіздік
органдарының ұсынымдарын
енгізу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      _______________________________________________________________

      ұсынымды енгізетін ұлттық қауіпсіздік органының атауы мен мекенжайы

      ____________________________________________________________ басшысы

      заңды тұлғаның атауы

      ____________________________________________________________________

      заңды тұлға басшысының тегі және аты-жөні

      ____________________________________________________________________

      заңды тұлғаның мекенжайы, байланыс телефоны

      Тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының жүргізуіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды немесе басқа заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыным

      20__жылғы "__"_________ №_____ ____________________ қала

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталған іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы)

      АНЫҚТАЛДЫ:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының жүргізуіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін мән-жайлардың толық сипаттамасы)

      Баяндалғанның негізінде, "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес ТАЛАП ЕТЕМІН:

      1. _____________________________________________________________;

      2. _____________________________________________________________,

      (себептер мен жағдайларды жою туралы нақты іс-шаралар, орындалу мерзімдері)

      Осы ұсынымға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға болады.

      Осы ұсынымды орындау туралы жазбаша түрде және жоғарыда көрсетілген мерзімдерде хабарлауыңызды сұраймыз. Осы ұсынымды орындамау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады.

      _________________________             _________             ________________

      ұлттық қауіпсіздік органының             қолы                   тегі және аты-жөні

      лауазымды адамы,

      атағы

      Берді:                                           Алды:

      20__жыл "__"_______/________                   ___________/_____________

      беру күні       лауазымы, атағы                   қолы тегі, аты-жөні

      ____________________________                   _________________________

      тегі және қолы                               алу күні мен уақыты

      М. о.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2024 жылғы 14 ақпандағы
№ 20/қе бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының күші жойылды деп танылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 175 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8456 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 175 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10241 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 175 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 19 маусымдағы № 49/қе бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17154 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады