"Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 16/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 сәуірде № 3125 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 21/03 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 27.04.2016 № 21/03 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 41 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Рымбайұлына Ламбековке жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Аймақов

  Осакаров ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 10 наурыздағы
№ 16/02 қаулысымен
бекітілген

"Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

Жалпы ережелер

      1. "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі бiлiмді дамыту аясында мемлекеттік саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінің актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      4. "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес қала әкімімен бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 101000, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаров кенті, Целинная көшесі, 3а.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен мекеме функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда ондай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірістеріне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, фунциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: сапалы білім беру қызметін көрсету, білім саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      14. Міндеттері:
      1) азаматтардың бiлiм алуға Конституциялық құқығын қамтамасыз ету, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылыктар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм алу үшін қажеттi жағдайлар жасау, демографиялық ерекшелiктердi ескере отырып мектепке дейiнгi, міндетті орта бiлiм беру саласында бiрiңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
      2) бiлiм беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;
      3) окытудың жаңа технологияларын еңгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желiлерге шығу;
      4) әр түрлi және көп функциялы бiлiм беру ұйымдарының тиiмдi дамуына жәрдемдесу;
      5) балаларды, оқушы жастарды бiлiм беру қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету;
      6) ауданның бiлiм беру ұйымдарын қаржымен қамтамасыз ету жағдайын жақсарту, материалдық техникалық базасын қалыптастыру және дамыту;
      7) жастарды тәрбиелеу саласында мемлекеттiк бiртұтас саясатты жүзеге асыру;
      8) ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау, бұндай балалардың және ата-ана қамқорлығы жойылуының нақты жағдайларына сүйенiп алғашқы есеп жүргiзу, балаларды орналастыру нысанын таңдау, бұндай жағдай боламағанда - жетiм балалар мен қамқорлықсыз қалған балаларға арналған мемлекеттік мекемеге орналастыру;
      9) кәмелетке толмаған ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың мүлкiн қорғау үшін шаралар қолдану;
      10) мемлекеттік қызметін көрсету, мемлекеттiк қызметін көрсету бойынша мониторинг жүргiзу.
      15. Функциялары:
      1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
      2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
      3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
      4) мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, тарату және қайта құру туралы аудан әкімдігіне ұсыныстарын енгізеді;
      5) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
      6) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;
      7) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекiту туралы қаулының жобасын өңдейді;
      8) аудандық әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
      9) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
      10) аудан ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді;
      11) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
      12) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      13) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
      15) білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
      16) ауылдық жердегі білім беру ұйымдарына жұмыс істеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
      17) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
      18) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
      19) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
      20) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
      21) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;
      22) егізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
      23) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      24) білім қызметкерлеріне, оқып жатқан жастарға және балаларға әлеуметтік қорғауды қамтамасыздандырады;
      25) кенттер мен ауыл аймақтарының әкімдерімен білім беру ұйымдары бірігіп, жасы толмағандарды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау, есепке алу, оларды балалар үйлеріне, интернаттық ұйымдарға орнату, қамқорлыққа, қорғаншылыққа немесе асырап алуға беру;
      26) білім беру ұйымдарының педагогикалық мамандар және кадрларының сапалы мен есептік күйіне талдау жасайды;
      27) білім беру ұйымдарының басқару және педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру мен дайындығын ұйымдастырады;
      28) педагогикалық қызметкерлердің аттестаттауын заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша өткізеді, бағынышты болатын білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерінің квалификациялық категорияларын беру және аттестаттауды өткізу талаптарының сақталуына бақылау жасайды;
      29) жоғарыда тұрған органдарға мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша білім алу сұрақтары бойынша санақ есептерін ұсынады;
      30) білім беру ұйымдары мен "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есепке алу және есеп тапсыруын жүргізеді;
      31) "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бағынышты болатын және аудандық бюджет есебінен қамтамасыздандырылатын білім беру ұйымдарының қаржыландыруын іске асырады;
      32) өзінің өкілеттігі шеңберінде қызмет көрсету, жұмыстар мен тауарларды мемлекеттік сатып алуын ұйымдастырады және өткізеді;
      33) білім беру жүйесінің ең үздік қызметкерлерін марапаттауын жүзеге асырады, құрметті атақтарды алуға кандидатураны ұсынады;
      34) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстарын заңнамамен белгіленген тәртіппен қарастырады;
      35) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында ескерілген жағдайларда, бағынышты болатын мемлекеттік ұйымдарының даму жоспарларын және олардың орындалуы туралы есептерді бекітеді, қарастырады және келіседі;
      36) бағынышты болатын мемлекеттік кәсіпорындарының даму жоспарлары орындалуының талдауы мен бақылауын іске асырады;
      37) бағынышты болатын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның мақсаты мен затын, сондай-ақ коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (қазыналық кәсіпорын немесе шаруашылық басқару құқығымен) анықтау бойынша коммуналдық мүлікті басқаруға байланысты уәкілетті органға ұсыныстарды ұсынады;
      38) бағынышты болатын коммуналдық заңды тұлғалардың басқаруын жүзеге асырады;
      39) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      16. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) өз функцияларын орындау мақсатында белгiленген тәртiп бойынша мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, мекемелерден, кәсiпорындардан және лауазымды тұлғалардан қажеттi ақпаратты алуға;
      2) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметшiлерiн келiсiм бойынша мекеме құзiретiне жататын мәселелердi дайындауға қатыстыру, тиiстi ұсыныстар әзiрлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
      3) мемлекеттік органдардың бiлiм саласында қызметін ұйымдастыруды жетiлдiру туралы ұсыныстар енгiзуге, мекеменiң құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық - талдау және өзге де материалдардық дайындауды жүзеге асыруға;
      4) тиістi мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғаларға мекеме қызметiнiң аясына жататын тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ орталық және жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзетiн сұрақтар туралы қатысуға ұсыныстар енгiзуге;
      5) адам құқықтары мен өзге де сұрақтар сақталған, бiлiм мәселелерi кұзiретiне кiретiн, бiлiм мекемесiнiң лауазымды тұлғаларына ұжымдық, әдестемелік, ақпараттық және басқа да көмек көрсетуге;
      6) Қазақстан Республикасы заңнамасымен сәйкес басқа құқықтар мен міндеттерін атқарады.

3. Мемлекеттiк органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылықты жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке аудан әкімімен тағайындалады және қызметтен босатылады.
      19. "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) мекеменiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жүргізеді және мекемеге жүктелген тапсырмалардың орындалуына дербес жауапты болады;
      2) өз қызметін бiрiңғай басшылық принципiмен атқарады және Қазақстан Республикасының Заңдары мен осы Ережеде белгiленген өзiнiң құзiретiне сәйкес мекеме мәселелерiн дербес шешедi;
      3) мекеме қызметкерлерінің және бiлiм беру ұйымдарының басшыларының функционалдық мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн бекiтедi;
      4) мекеменiң алда тұрған және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекiтедi;
      5) мекеме қызметкерлерінің және бiлiм беру ұйымдарының басшыларының марапаттау, көтермелеу шараларын және тәртiптiк жаза қолданады;
      6) барлық қызметкерлер үшін орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады, нұскаулар бередi және қызметтiк кұжаттарға қол қояды;
      7) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мектепке білім беру ұйымдарының, басшыларын конкурстық негiзде тағайындайды және қызметтен босатады;
      8) азаматтармен жеке қабылдау жүргiзедi, жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ісшараларды ұйымдастыруға дербес жауапты болады;
      9) мекеме атынан сенiмхатсыз iс әрекет етедi;
      10) ұйымдарда, мекемелерде және меншiк нысанына қарамастан барлық кәсiпорындарда мекеменiң мүддесiн корғайды;
      11) шарттар жасасады;
      12) сенiмхаттар бередi;
      13) мекеменің iс-сапар, тағылымдар, республикалық және шет елдік оқу орталыктарында және бiлiктiлiктi көтерудiң басқа да түрлерi бойынша мекеме қызметкерлерiн оқытудың тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамаларында, осы Ережеде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      20. "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырады.
      21. "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады