Звездный ауылдық округiнің Звездное ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 33/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет деп артаментінде 2015 жылғы 26 маусымда № 3301 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 49/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 29.09.2015 № 49/02 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жылқы арасынан құтыру ауруының шығуына байланысты, Звездный ауылдық округi Звездное ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асылбек Серікұлы Молдабаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі

Н. Әбілдин

       "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
      ауыл шаруашылығы Министрлігі
      ветеринариялық бақылау және қадағалау
      Комитетінің Осакаров аудандық аумақтық
      инспекциясы" басшысы
      ________________М. Бейсенбеков

       2015 жылдың 15 маусымы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады