Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 15.09.2015 № 47/01 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Құтыру ауруының шығуына байланысты, Сұңқар ауылдық округі Сұңқар ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2.
Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
3.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асылбек Серікұлы Молдабаевқа жүктелсін.
4.
Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
Н. Әбілдин |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы Министрлігі
ветеринариялық бақылау және қадағалау
Комитетінің Осакаров аудандық аумақтық
инспекциясы" басшысы
______________ М. Бейсенбеков
2015 жылдың 9 шілдесі