1. Сұңқар ауылдық округінің Сұңқар ауылы аумағында белгіленген шектеу іс – шаралары тоқтатылсын.
2. Осакаров аудан әкімдігінің 2015 жылғы 9 шілдесіндегі № 36/01 "Сұңқар ауылдық округінің Сұңқар ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 20 шілдесінде № 3339, болып тіркелген 2015 жылғы 1 тамызында № 31 (7463) "Сельский труженик" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Н. Ламбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
2015 жылдың 15 қыркүйектегі