Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 14.12.2018 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Автотұрақтардың (паркингтердің) санатына қарай автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген елді мекендердің жерлері үшін салықтың базалық ставкаларының мөлшері осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес ұлғайтылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Жетписбаев |
Аудандық мәслихаттын хатшысы | К. Саккулаков |
КЕЛІСІЛДІ:
Осакаров ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасының басшысы
Б. Келисбеков
2015 жыл "16" қазан
|
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
№ р/с | Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері | Санаттары |
1 | Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) | 1 санат |
2 | Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) | 2 санат |
|
Автотұрақтардың (паркингтердің) санатына қарай автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген елді мекендердің жерлері үшін салынатын салықтың базалық ставкаларының ұлғайтылған мөлшері
№ р/с | Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары | Базалық ставканың ұлғаюы |
1 | 1 санат | он есе |
2 | 2 санат | он есе |