Осакаров ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салықтардың мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 542 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 қаңтарда № 5125 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 505-бабына, 509-бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары белгіленсін және тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне арналған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салуға жататын, Осакаров ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына байланысты автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері ұлғайтылсын.

      2. Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген басқа санаттардағы жерлерге салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекен Осакаровка кенті болып айқындалсын.

      3. Осакаров аудандық мәслихатының 2015 жылғы 16 қазандағы № 540 "Осакаров ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын салықтардың базалық ставкаларын ұлғайту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3502 болып тіркелген, 2015 жылы 28 қарашадағы № 48 (7480) "Сельский труженик" газетінде және 2015 жылы 4 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау бюджет және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б.К.Сыздыкова).

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, Аудандық мәслихат хатшысы К. Саккулаков

  Осакаров аудандық мәслихаттың
  42 сессиясының 2018 жылғы 14
  желтоқсандағы № 542 шешіміне
  қосымша

Осакаров ауданындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту

Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері

Санаттар

Базалық мөлшерлемені ұлғайту

1

Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

1 санат

он есе

2

Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

2 санат

он есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады