РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Шет ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімі аппаратының жетекшісі Ә.Е. Тілегеноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шет ауданы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Б. Төлеуқұлов |
| Шет ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 06/02 қаулысымен бекітілген |
"Шет ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Шет ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі карай - Мемлекеттік мекеме) ауданының ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.
3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясынажәне заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланклері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Мемлекеттік мекеме азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Мемлекеттік мекемеге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Мемлекеттік мекеме өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, индекс № 101700, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көшесі, 26 үй.
10. Мемлекеттік органның толык атауы: "Шет ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Мемлекеттік мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер мемлекеттік мекеме заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Мемлекеттік мекеменің миссиясы:аграрлық сектордың даму концепцияларын, жобалау тенденцияларын талдауын жүзеге асыру және оның келешегін анықтау және нарықтық қарым-қатынас шарттарында ауданда аграрлы саясатты жүргізу.
15. Міндеттері:
1) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін және оның қайта өңдеу өнімдерін өндірудің экономикалық жағдайларын жасау;
2) мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) заңнамамен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1) агроөнеркәсіп кешен субъектілерін "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
2) агроөнеркәсіп кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны аудандық жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) беру;
3) тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғарғы арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну;
4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асыру;
5) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;
6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
7) қатынаста әкімгер болып табылатын бюджеттік бағдарламлар нәтижесіне жету және орындау, жаңарту, жоспарлау;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз функцияларын орындау мақсатында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті құжаттарды, ақпараттарды сұрау және алу;
2) өз құзырына жататын мәселелерді шешуді қарау жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
3) шаруа (фермер) қожалықтары және басқа да ауыл шаруашылық құрылымдарына қажетті жағдайда әдістемелік, ұйымдасырушылық, экономикалық және құқықтық көмек көрсетуге;
4) мемлекеттік мекеменің міндеттеріне кіретін мәселелер бойынша бекітілген тәртіпке сәйкес семинарлар, кеңестер, жиналыстар өткізуге;
5) Қазақстан Республкасының қолданыстағы заңнамаларымен ұсынылған басқа да құқықтарды пайдаланады.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Мемлекеттік мекемеге басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) өзінің мамандарының міндеттерінің өкілеттілігін белгілейді;
2) қолданыстағы заңдарға сәйкес бөлімнің мамандарын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
3) бөлімнің қызметкерлеріне қолданыстағы заңдарға сәйкес тәртіптік шаралар қолданады;
4) бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;
5) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапты және тікелей міндетті болады;
6) қолданыстағы заңдарға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастратын тұлға орындайды. бірінші басшы болмаған кезеңде оның өкілеттікттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.