Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 наурыздағы № 02 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 наурызда № 3079 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 05 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімінің 07.07.2015 № 05 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес, Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2015 жылғы 24 наурыздағы № 1 хаттамасы негізінде, Шет ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      Қарағанды облысы Шет ауданының Ақадыр, Мойынты кенттерінде, Ортау ауылдық округінің Босаға ауылында, Талды ауылдық округінің Талды ауылында және Ақсу-Аюлы ауылдық округінің Ақсу-Аюлы, Қайрақты ауылдарында, Сәкен Сейфуллин атындағы кентінде, Жарылғап батыр ауылында, Тағылы ауылдық округінің Жұмыскер ауылы, Өспен ауылдық округінің Еркіндік ауылында, Нұраталды, Краснаяполяна және Көктіңкөлі ауылдық округтерінде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімінің 14.04.2015 № 03 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Төтенше жағдайларды жою комиссиясының басшысы болып Шет ауданы әкімінің орынбасары Б. Төлеуқұлов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шет ауданының әкімі

Р. Әбдікеров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады