Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 2/2 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 ақпанда № 2976 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 22/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 23.06.2016 № 22/2 қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 02.03.2015 № 9/1 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Приозерск қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі – Ереже) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 02.03.2015 № 9/1 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
       2. Приозерск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 07/58 "Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Д.Ш. Сәденовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
Қ. Камзин

      

 
Приозерск қаласы әкімдігінің
 
2015 жылғы 15 қаңтардағы № 2/2
 
қаулысымен бекітілген

"Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 02.03.2015 № 9/1 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Приозерск қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Приозерск қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы саласында мемлекеттік басқару және бақылау міндеттерін орындауға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады (бұдан әрі - Мекеме).
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 02.03.2015 № 9/1 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
       2. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөр және мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілер, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар .
      4. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Мекеме заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынас тарапы болуға құқығы бар.
      6. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте Мекеме басшысының бұйрығымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
      7. Мекеме құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 101100, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Пушкин көшесі, 7.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде - "Приозерск қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог и жилищной инспекции города Приозерск".
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 02.03.2015 № 9/1 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
       10. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Мекеме қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілермен мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер мекемеге заң актілерінде кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жолданады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мекеменің миссиясы: тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында қызметті бақылау және жүзеге асыру.
      14. Мекеме заңнамалық актілерге сәйкес келесі міндеттерді жүзеге асырады:
      1) жоспарларды, қаланың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, соның ішінде әкімшісі Мекеме болып шығатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысады және оларды Приозерск қалалық мәслихаттың сессиясында бекіту үшін қала әкімдігіне енгізеді;
      2) коммуналдық меншіктегі су құбырларының, тазарту құрылғыларының, жылу және электр желілерінің және басқа көлік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының пайдалануын ұйымдастырады;
      3) қала ішіндегі қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
      4) автомобиль жолдарын қайта құруды, жөндеуді және күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
      5) ағымдағы автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарынан басқа мемлекеттік қабылдау комиссиясымен аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдауды жүзеге асырады;
      6) мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін бөлуді ұйымдастырады;
      7) мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз етеді;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың кейбір санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
      9) азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
      10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке және кезекке қоюды жүзеге асырады;
      11) табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай салдарын алдын алу және жою бойынша күш және құралдарды қолдануға дайындық ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, жәбірленгендерге көмек көрсетеді;
      12) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы келбетін қалпына келтіру мәселелерін шешеді;
      13) мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерлердің жекешелендіруін ұйымдастырады;
      14) тұтынушылардың жылу пайдаланатын қондырғыларын пайдалануын және техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
      15) жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады;
      16) жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарды тексеруді жүргізеді;
      17) жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жөндеу жоспарларын келісім жасайды;
      18) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорттарын береді;
      19) қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды жобалауды және салуды келісім жасайды;
      20) тұрғын үй қатынастары саласын қадағалайды;
      21) қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын (лифт, эскалатор, фуникулер), коммуналдық-тұрмыстық бағыттағы құрастыру объектілерінде (тұрғын үй қоры, қонақ-үй және сауда кешені), Кондоминиум объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
      22) қалдықтарды басқару бағдарламаларына өз міндетіне сәйкес келісім жасайды;
      23) табиғатты қорғау іс-шарасы жоспарларын өз міндетіне сәйкес келісім жасайды;
      24) коммуналдық қалдықтарға байланысты мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
      25) коммуналдық қалдықтарға байланысты ғылыми-зерттеу және тәжірбиелі-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;
      26) инновациялық технологияларды енгізу саласын және энергоүнемдеуді үйлестіру және ұйымдастырады.
      27) өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес кондоминиум объектісінде және үйдің маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына бақылау функцияларын жүзеге асырады;
      28) өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуына бақылау функцияларын жүзеге асырады;
      29) өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес кондоминиум объектісіндегі үй-жай меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу бойынша жұмыстардың уақытында орындалуына бақылау функцияларын жүзеге асырады;
      30) өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға бақылау функцияларын жүзеге асырады;
      31) өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындауға мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;
      32) өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес тексеруді Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Заңына сәйкес жүргізеді.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 02.03.2015 № 9/1 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
       15. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген міндеттерді жүзеге асырады.
      16. Мекеменің құқықтары және міндеттері:
      1) белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, жеке тұлғалардан, барлық меншік түріндегі ұйымдардан және кәсіпорындардан Мекемеге жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      2) Мекемеге жүктелген міндеттер мен қызметтерге сәйкес шараларды іске асыру барысында, басқа басқармалар мен мекемелердің қызметкерлерін, олырдың басшыларының келісімімен, тарту туралы ұсыныс жасайды.
      3) тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығаруға құқығы бар.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 02.03.2015 № 9/1 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Мекеменің басшылығы мекемеге жүктелген міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болып табылатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.
      18. Мекеменің бірінші басшысын Приозерск қаласының әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Мекеменің бірінші басшысы:
      1) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуге тиіс;
      2) Мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
      3) заңдарға сәйкес актілермен мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мекеменің қызметкерлеріне мадақтау шарасын, тәртіптік жаза қолданады;
      5) мекеменің актілеріне, қаржы және өкімгерлік құжаттарына қол қояды;
      6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мекемені білдіреді;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      20. Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Мекеменің заңнамамен қарастырылған жағдайда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге көздер есебінен қарастырылады (ақшалай кірісті қоса алғанда).
      22. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Мекеменің өзіне бекітілген мүлік пен қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес оқшаулауға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады