Приозерск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 2/2 "Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 9/1 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 наурызда № 3078 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы " Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Приозерск қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Приозерск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 2/2 "Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актлерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2976 болып тіркелген, "Приозерский вестник" газетінде 2015 жылдың 27 ақпанында № 08/393 жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) аталған қаулыда тақырып келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы";
      2) қаулыда 1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "1. "Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі – Ереже) қосымшаға сәйкес бекітілсін.";
      3) "Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесінде тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі";
      4) ережеде 1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "1. "Приозерск қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Приозерск қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы саласында мемлекеттік басқару және бақылау міндеттерін орындауға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады (бұдан әрі - Мекеме).";
      5) ережеде 9 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде - "Приозерск қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог и жилищной инспекции города Приозерск".";
      6) ережеде 14 тармақ келесі мазмұндағы 27, 28, 29, 30, 31, 32 тармақшалармен толықтырылсын:
      "27) өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес кондоминиум объектісінде және үйдің маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына бақылау функцияларын жүзеге асырады;
      28) өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуына бақылау функцияларын жүзеге асырады;
      29) өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес кондоминиум объектісіндегі үй-жай меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу бойынша жұмыстардың уақытында орындалуына бақылау функцияларын жүзеге асырады;
      30) өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға бақылау функцияларын жүзеге асырады;
      31) өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындауға мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;
      32) өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес тексеруді Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Заңына сәйкес жүргізеді.";
      7) ережеде 16 тармақ келесі мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығаруға құқығы бар.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Д.Ш. Сәденовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      

Қала әкімі
Қ. Камзин

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады