"Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 573 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемдері (басым дақылдардың егістік алқаптардың болжамды құрылымына қарай) белгіленсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы "31" наурыз №894 қаулысына қосымша |
2015 жылға өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемдері(басым дақылдардың егістік алқаптардың болжамды құрылымына қарай)
Аудандар (қала) | Барлық егіс көлемі, гектар | Барлық субсидия көлемі, мың теңге |
Жаңақорған | 29070 | 1 709 |
Шиелі | 24095 | 7 448 |
Сырдария | 29792 | 50 074 |
Жалағаш | 30000 | 38 813 |
Қармақшы | 19632 | 31 477 |
Қазалы | 17600 | 12 488 |
Арал | 749 | 1 653 |
Қызылорда қаласы | 7055 | 5 056 |
Барлығы | 157993 | 148 718 |