"Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 914 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 сәуірде № 4957 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 461 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 19.05.2016 № 461 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының Үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Әлібаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы "10" сәуірдегі
№ 914 қаулысымен бекітілген

"Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Қызылорда облысында газ-жылу-электроэнергетикалық ресурстары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ауыз сумен қамту салаларында басшылық функцияларын жүзеге асыруға Қызылорда облысы әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Басқарманың құрылтайшысы Қызылорда облысының әкімдігі болып табылады. Басқармаға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілдік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның тұрған жерi: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, 120003, Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, құрылыс 1.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілермен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы: облыс экономикасының энергетикалық секторы арқылы энергоресурстағы өсіп келе жатқан экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету, энергетикалық қауіпсіздікке ықпал жасау, энерго үнемдеу және энерготиімділікті арттыру, қоғам өмірін жақсарту бағытында коммуналдық шаруашылық және электр қуатымен қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады.
      15. Негізгі міндеттері:
      1) Қызылорда облысының газ-жылу-электроэнергетикалық ресурстар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ауыз сумен қамту саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
      2) тұру жағдайы мен ұсынылатын тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету үшін тұрғын үй-коммуналдық қоры қызмет саласындағы қатынастарды жетілдіру.
      16. Функциялары:
      1) тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      2) кондоминиум объектiсiн басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиiстi дәрежеде пайдалану жөнiндегi қызметiн бақылау бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;
      3) аумақтарда тұрғын үй қорын сақтау мен күтiп ұстау ережелерiн облыстық мәслихаттың бекiтуiне ұсынады;
      4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту саласындағы бағдарламалардың орындалуына бақылау және мониторингті жүзеге асырады;
      6) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шараларды тиiстi аумақтың даму бағдарламасына енгiзудi қамтамасыз етедi;
      7) өз құзыретi шегiнде энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
      8) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк мекемелердiң энергия тұтынудың нормативтерiн сақтауына мониторингтi жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын iске асыруға қатысады;
      10) тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекітеді;
      11) уәкiлеттi органға облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсынады;
      12) облыс аумағында сұйытылған мұнай газын өткiзу, тұтыну жөнiндегi мәлiметтердi өкілетті органға ұсынады;
      13) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
      14) тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      15) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтардың (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін түтіктердің, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің бақылауын жүзеге асырады;
      16) ауыз сумен қамту саласындағы бағдарламалардың облыста жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
      17) ауыз сумен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      18) ауыз сумен қамту саласындағы бағдарламалардың орындалуын бақылау және мониторингті жүзеге асырады;
      19) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
      20) коммуналдық меншiктегi жылу және электр желiлерiн және облыстың басқа да инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiн салу мен пайдалануды ұйымдастырады;
      21) заңнамаға сәйкес облыстың газ-жылу-электроэнергетикалық ресурстары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ауыз сумен қамту жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды және өзге де бюджеттік бағдарламаларды дайындайды және жүзеге асырады;
      22) облыстың газ-жылу-электроэнергетикалық ресурстары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ауыз сумен қамту саласындағы құрылысы аяқталған объектілерін және басқа да объектілерін пайдалануға беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
      23) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолданады;
      24) азаматтардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
      25) мемлекеттік орган жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады;
      26) тұтынушылардың жылу пайдалану құрылғыларын пайдалануын және олардың техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
      27) жылу желілерін дайындауды және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады;
      28) жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексерулер жүргізеді;
      29) жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуді келіседі;
      30) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығының паспорттарын береді;
      31) Алынып тасталды - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.04.2016 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      32) Алынып тасталды - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.04.2016 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      33) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Басқарма өзiне жүктелген мiндеттердi және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру барысында заңнамада бекiтiлген тәртiппен:
      мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
      жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
      өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға құқылы;
      2) Басқарма:
      заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
      қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына есеп береді;
      2) өз құзіреті шегінде барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманы білдіреді;
      3) еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;
      5) еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлерiне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
      6) бұйрықтарға қол қояды;
      7) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      8) шарттар жасасады;
      9) сенімхаттар береді;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға дербес жауапты болады;
      11) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      12) облыс әкімдігі мен әкімінің актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;
      13) Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      14) құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;
      15) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
      16) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;
      17) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
      18) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      23. Басқарманың жұмыс режимі:
      1) Басқарма дүйсенбі және жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;
      2) Басқарманың жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00 - де басталып, сағат 19.00-де аяқталады. Сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін үзіліс;
      3) Басқарма сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
      24. Басқарма мен облыс әкімдігі арасындағы, Басқарманың әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

4. Басқарманың мүлкі

      25. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      26. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық мүлікке жатады.
      27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      28. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Басқарма таратылған жағдайда оның мүлкiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады