2015 жылға субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 16 маусымдағы № 40 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 маусымда № 5024 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11094 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) белгіленсін.

      2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев
      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      _____________А. Мамытбеков
      2015 жылғы "16" маусым

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы "16" маусымдағы № 40 қаулысына
қосымша

Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға)

р/с

Басым
дақылдардың тізбесі

Бір гектарға субсидия
нормасы,
теңге

1

Күріш

23000

2

Дәндік жүгері

22500

3

Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылап суару жүйесін қолдана отырып өсіретін дәндік жүгері

63900

4

Майлы дақылдар

27575

5

Картоп

79780

6

Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылап суару жүйесін қолдана отырып өсіретін картоп

219560

7

Көкөністер

75656

8

Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылап суару жүйесін қолдана отырып өсіретін көкөністер

181905

9

Бақшалық дақылдар

15000

10

Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылап суару жүйесін қолдана отырып өсіретін бақшалық дақылдар

86423

11

Қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары (фермерлік жылыжайлар) (екіден аспайтын дақыл айналымы)

3000000

12

Сүрлемдік жүгері

23040

13

Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылап суару жүйесін қолдана отырып өсіретін сүрлемдік жүгері

64311

14

Бірінші жылғы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

16362

15

Екінші және үшінші жылғы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

8152


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады