"Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 782 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 170 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 02 қазанда № 5162 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 ақпандағы № 1318 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 05.02.2019 № 1318 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 782 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4842 нөмірімен тіркелген, "Кызылординские вести" және "Сыр бойы" газеттерінде 2015 жылғы 22 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесінде:
      "1. Арал ауданы" бөлімінде реттік нөмірі 1 (бірінші) жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 16 (он алтыншы), 17 (он жетінші), 18 (он сегізінші), 19 (он тоғызыншы), 20 (жиырмасыншы) жолдармен толықтырылсын:

"

16)

Қамбаш №1 учаскесі

2400



17)

Қамбаш №2 учаскесі

2100



18)

Қамбаш №3 учаскесі

5100



19)

Қамбаш №4 учаскесі

2200



20)

Қамбаш №5 учаскесі

4200

".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады