Әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 295 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 қазанда № 5191 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 17 қазандағы № 250 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 17.10.2018 № 250 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 182-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Қызылорда облысында мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды өтеу бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
      Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық Қызылорда облыстық
      мәслихатының мәслихатының
      39-сессиясының төрағасы хатшысы
      Р. Байназарова А. Әлназарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады