Әкімшілік-аумақтық құрылыстың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 257 қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 326 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 5287 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес Жалағаш, Жаңақорған аудандық өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып, Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Таратылсын:
      1) Жалағаш ауданы Жаңадария ауылдық округінің Сәтбай ауылы;
      2) Жаңақорған ауданы Қыркеңсе ауылдық округінің Қорасан ауылы.
      2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      Қызылорда облысының Қызылорда облыстық
      әкімі мәслихатының
      42 сессиясының төрағасы
      _______________ Қ. Көшербаев ____________ Қ. Әжібеков
      Қызылорда облыстық
      мәслихаты хатшысының
      міндетін атқарушы
      _____________ Қ. Бисенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады