"Қазалы ауданының ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 24 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 222 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 қыркүйекте № 5138 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 291 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 17.11.2015 № 291 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазалы ауданының ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 24 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4878 нөмірімен тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 02 наурызда және "Тұран Қазалы" газетінде 2015 жылы 14 наурызда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген "Қазалы ауданының ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
      17-тармақ мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "28-1) "Қазалы ауданының ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бойынша функциялары:
      ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндірумен, өткізілетін (тасымалданатын) объектілердің импортымен, экспортымен, транзитімен байланысты қызметті қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөніндегі қызметін бақылауды және қадағалауды;
      республикалық қорды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды бөлуді, олардың сақталуын, тасымалдануын (жеткізілуін) және пайдаланылуын бақылауды және қадағалауды;
      ветеринарлық есепке алу мен есептілікті жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынуды;
      ветеринарлық іс-шаралардың орындалуын бақылауды және қадағалауды;
      мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылауды және қадағалауды;
      жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануы себептері мен жағдайларын айқындауды және анықтауды;
      ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің жүргізілуін бақылауды және қадағалауды;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауды көздейдi.";
      21-тармақ мынадай мазмұдағы 12), 13) тармақшалармен толықтырылсын:
      "12) бөлімнің бірінші басшысы ауданның бас мемлекеттік мал дәрігері болып табылады;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;".
      2. "Қазалы ауданының ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Б.Жарылқапқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Б. Жарылқап

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады