Қазалы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 291 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазалы ауданы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазалы ауданының ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 24 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4878 нөмірімен тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 02 наурызда және "Тұран Қазалы" газетінде 2015 жылы 14 наурызда жарияланған) қаулысы;
      2) "Қазалы ауданының ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 24 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 222 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5138 нөмірімен тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 05 қарашада және "Тұран Қазалы" газетінде 2015 жылы 10 қазанда жарияланған) қаулысы.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      АУДАН ӘКІМІ Н. ШАМҰРАТОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады