Басықара ауылындағы кейбір көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Басықара ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 05 маусымдағы N 03 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 маусымда N 5027 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 1 қорытындысына Қазалы ауданының Басықара ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазалы ауданы Басықара ауылдық округі Басықара ауылының мынадай көшелері:
      1) "Сушылар" көшесі "Түрікбен Мұсабаев" көшесі;
      2) "Сырдария" көшесі "Ағжап Өтемұратов" көшесі;
      3) "Бейбітшілік" көшесі "Қадырбай Есенов" көшесі болып қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Басықара ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Л.Әлиге жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      ӘКІМ О.ЖАМШЕЙТОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады