Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдік шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 қыркүйектегі № 37 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте № 5136 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 500 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 16.06.2017 № 500 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 48-бабына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Б. Накиповқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауданының әкімі С. Мақашов

  Қармақшы ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 37 қаулысына қосымша

Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру тегін немесе жеңілдік шарттармен дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері

Азаматтар санаты

Жеңілдіктер мөлшері

1

2

3

1

7 жасқа дейінгі балалар

Тегін

2

Көп балалы отбасыларының
оқушы-балалары

Тегін

3

Балалар үйлерінің оқушы-балалары

Тегін

4

Спорт ардагерлері

Тегін

5

Оқушылар

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік

6

Студенттер

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік

7

Зейнеткерлер

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік

      * Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады