Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң кейбiр қаулыларының күшi жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 500 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 маусымда № 5892 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қармақшы ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Шерниязовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауданының әкімі С. Мақашов

  Қармақшы ауданы әкімдігінің
  2017 жылғы 16 маусымдағы
  № 500 қаулысына қосымша

Аудан әкімдігінің кейбір күші жойылды деп танылған қаулылыраның тізбесі

      1. Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 03 қыркүйектегі № 37 "Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдік шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ, жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 5136 болып тiркелген, "Қармақшы таңы" газетiнде 2015 жылғы 7 қазанда және 2015 жылғы 26 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 09 қарашадағы № 95 "Қармақшы ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 5226 болып тiркелген, "Қармақшы таңы" газетiнде 2015 жылғы 9 желтоқсанда және 2015 жылғы 28 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 236 "Қармақшы ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 5508 болып тiркелген, 2016 жылғы 16 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және "Қармақшы таңы" газетiнде 2016 жылғы 25 маусымдағы жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады