Ақай ауылдық округінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 12 қарашадағы N 301 шешімі және Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қарашадағы N 102 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 08 желтоқсанда N 5251 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Жер Кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 108-бабының 5 тармағына, және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Қармақшы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округінің шекарасы (шегі) жерлердің экспликациясы бойынша жалпы көлемі 679 гектар болып белгіленсін.
       2. Осы қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қармақшы Қармақшы аудандық
      ауданының әкімі мәслихатының кезектен тыс
      43- сессиясының төрағасы
      ____________ С. Мақашов ________ О. Бодыбаев
      Қармақшы аудандық
      мәслихатының хатшысы
      _____________ М. Наятұлы

  Қармақшы ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "12" қарашадағы
№ 102 қаулысына және
Қармақшы аудандық мәслихатының
2015 жылғы "12" қарашадағы
№ 301 шешіміне қосымша

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округі жерлерінің экспликациясы


Жерлердің атауы
Жалпы көлемі (гектар)
оның ішінде (гектар):
құрылыстар
ауыл шаруашылығы алқаптары
басқа да жерлер
егістік
жайылымдар
1
Ақай ауылдық округінің шекарасы (шегі)
679
320
-
303
56

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады