“Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 22 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 наурызда № 4903 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 95 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 11.05.2016 № 95 қаулысымен (14.05.2016 бастап күшіне енеді).
      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Мемлекеттік мүлік туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ө.Елеусіновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жалағаш ауданының әкімі Т. Дүйсебаев

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
2015 жылғы “20” ақпандағы
№ 22 қаулысымен бекітілген

“Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жалағаш ауданының әкімдігі болып табылады.
      “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
      3. “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі-мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120200, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі № 3.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 21.01.2016 № 8 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      10. Мемлекеттік органның толық атауы -“Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі және жексенбі, заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 08.12.2015 № 271 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      12. Осы Ереже “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
      14. “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      сәулет және қала құрылысы саласын кешенді дамыту арқылы аудан халқының тіршілік етуіне қолайлы орта жасау.
      16. Міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде аудан аумағында Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарының орындалауын қамтамасыз ету;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген бас жоспарлардың негізінде елді мекендердің аумақтарында құрылыс салу және дамыту, сондай-ақ, адамның тіршілік етуіне қолайлы орта мен орын құру жөніндегі қызметтерді үйлестіру;
      3) аудан бойынша базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының қызметтерін ұйымдастыру;
      4) кент, елді мекендерде құрылыс салудың кезекші-оперативтік жоспарларын, сондай-ақ жер асты коммуникациялары мен құрылыс объектілерін орналастырудың кезекші жоспарларын жүргізу жөніндегі қызметтерді үйлестіру;
      5) өз құзыреті шегінде бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      17. Функциялары:
      1) заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
      2) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
      3) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;
      4) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдерді іске асыру;
      5) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;
      6) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауды және олардың күтiп ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру;
      7) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, кенттің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      8) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақты дамыту схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру;
      9) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгіленген тәртіппен жүргізу;
      10) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      11) бұрыннан бар үйлердің үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы реконструкциялау туралы шешім қабылдау;
      12) елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру;
      13) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың және (немесе) олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарнама қызметі мәселелері бойынша өтініштерін қарау;
      14) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      15) алынып тасталды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 08.12.2015 № 271 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      16) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы келіп түскен өтінішке жер учаскесін мәлімдеген нысаналы мақсат бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныс дайындау;
      17) аудан аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын анықтау жөнінде анықтама беру;
      18) елді мекеннің құрам бөлігінің атауы болмаған жағдайда бұйрықпен елді мекеннің құрам бөлігіне ресми атау берілгенге дейін уақытша жобалық нөмер беру;
      19) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде, өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 08.12.2015 № 271 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
      2) құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
      3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      20. “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жалағаш ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      2) бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімді білдіреді;
      5) өз құзіреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
      6) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      7) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
      8) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қоданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы анықтайды.
      23. “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады