"Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 22 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 желтоқсандағы № 271 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 5276 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 95 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 11.05.2016 № 95 қаулысымен (14.05.2016 бастап күшіне енеді).
      “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 22 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4903 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 наурызда “Әділет” құқықтық-ақпарат жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
      “1. Жалпы ережелер” деген бөлімде:
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      “11. “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі және жексенбі, заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).”;
      “2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері” деген бөлімде:
      17-тармақта:
      5), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      “5) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;
      8) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақты дамыту схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру;
      9) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгіленген тәртіппен жүргізу;”;
      15) тармақша алып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жалағаш ауданының әкімі Т. Дүйсебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады