“Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 103 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 97 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 мамырда № 5001 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 11.01.2016 № 2 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. “Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 103 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4652 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 мамырда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасымен айқындалған азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық, сақтау әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар тізбесінде:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      “2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, консультант (оның ішінде әлеуметтік жұмыс жөніндегі), арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;”;
      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      “3) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы мұғалімдер, кітапханашы, жетекші, тәрбиеші, емдәм бикесі, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, шебер, медициналық бике, әдістемеші, музыкалық жетекші, музыкатанушы, психолог, үйірме жетекшісі, хореограф, хормейстер.”;
      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      “4) мамандар (бас, аға), оның ішінде: аккомпаниатор, мұрағатшы, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, мәдени ұйымдастырушы, әдістемеші, музыкалық жетекші, бағдарламашы, редактор, режиссер, үйірме жетекшісі, хормейстер, сақтаушы (оның ішінде мұражайлардағы қорларды), барлық атаудағы суретшілер, экскурсовод, аудармашы, барлық атаудағы техниктер, барлық мамандықтағы инженер;”;
      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      “3) мамандар (бас, аға), онын ішінде; мал дәрігері, мал фельдшері, эпизоотолог (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), зоотехник. ”.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ө. Елеусіновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жалағаш ауданының әкімі Т. Дүйсебаев
      “КЕЛІСІЛДІ”
      Жалағаш аудандық
      маслихатының хатшысы
      ____________ К.Сүлейменов
      18 мамыр 2015 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады