Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 103 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 04 мамырда № 4652 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 11.01.2016 № 2 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Е.Өмірсеріковке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жалағаш ауданының әкімі С. Сермағамбетов
      КЕЛІСІЛДІ
      Жалағаш аудандық
      мәслихатының хатшысы
      ____________ К.Сүлейменов
      "10" сәуір 2014 жыл.

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "10" сәуірдегі
N 103 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде зертхана басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);
      2) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде: зертхана басшысы;
      3) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде: зертхана басшысының орынбасары;
      4) дәріхана меңгерушісі;
      5) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, барлық мамандықтағы инженер, акушер, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, зертханашы, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, денсаулық сақтау менеджері, провизор, психолог, рентген зертханашысы, мамандандырылған медициналық бике, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, фармацевт, фельдшер (зертханашы).
      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесі (орталығы) меңгерушісі;
      2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, консультант (оның ішінде әлеуметтік жұмыс жөніндегі), арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      3) жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінің басшысы;
      4) мамандар (бас, аға): біліктілігі жоғары деңгейлі маман, маман, консультант.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 18.05.2015 № 97 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);
      2) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде: көркемдік жетекші, әдістемелік кабинет басшысы;
      3) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы мұғалімдер, кітапханашы, жетекші, тәрбиеші, емдәм бикесі, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, шебер, медициналық бике, әдістемеші, музыкалық жетекші, музыкатанушы, психолог, үйірме жетекшісі, хореограф, хормейстер.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 18.05.2015 № 97 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде мәдениет және мұрағат ісі басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);
      2) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде: көркемдік жетекші басшысы;
      3) мұрағат, мұрағат қоймасы, кітапхана, клуб, мұражай меңгерушісі;
      4) мамандар (бас, аға), оның ішінде: аккомпаниатор, мұрағатшы, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, мәдени ұйымдастырушы, әдістемеші, музыкалық жетекші, бағдарламашы, редактор, режиссер, үйірме жетекшісі, хормейстер, сақтаушы (оның ішінде мұражайлардағы қорларды), барлық атаудағы суретшілер, экскурсовод, аудармашы, барлық атаудағы техниктер, барлық мамандықтағы инженер;
      5) техникалық орындаушылар, оның ішінде: архивариус, мұражай қараушысы.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 18.05.2015 № 97 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде спорт басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);
      2) бөлімше (сектор, бөлімше бөлігі (бөлім), филиал) басшысы;
      3) оқу ісінің меңгерушісі;
      4) мамандар (бас, аға), оның ішінде: нұсқаушы, әдістемеші, жаттықтырушы, медициналық бике.
      6. Ветеринария саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішіндегі бірінші);
      2) бөлімше (сектор, бөлімше бөлігі (бөлім), филиал) басшысы;
      3) мамандар (бас, аға), онын ішінде; мал дәрігері, мал фельдшері, эпизоотолог (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), зоотехник.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 18.05.2015 № 97 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады