Жалағаш ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 06 мамырдағы № 44-3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 маусымда № 5009 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсанағы № 49-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 23.12.2015 № 49-8 шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, “Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы” Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 8-тармағына, “Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекiту туралы” Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес және Жалағаш ауданы әкімінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 1/3-11/961 ұсынысын қарап, Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жалағаш ауданы әкiмi мәлiмдеген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға қажеттiлiктi ескере отырып, Жалағаш ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға 2015 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жалағаш аудандық Жалағаш аудандық
      мәслихатының XLIV сессиясының мәслихатының
      төрағасы хатшысы
      М. ЕСПАНОВ К. СҮЛЕЙМЕНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады