Жалағаш аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 49-8 шешімі

      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жалағаш аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) “Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгілеу туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 09 сәуірдегі 30-6 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4645 болып тіркелген, 2014 жылғы 07 мамырда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған);
      2) “Жалағаш ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы” 2015 жылғы 06 мамырдағы № 44-3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5009 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 маусымда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған).
      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жалағаш аудандық Жалағаш аудандық
      мәслихатының XLIХ сессиясының мәслихатының
      төрағасы хатшысы
      Б.БЕКЖАНОВ К.СУЛЕЙМЕНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады